Жаңалықтар

23.09.2022

Сүт өнімдеріне және балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімге қатысты техрегламенттерге өзгерістер енгізілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне өзгерістер енгізді. Техникалық регламенттің ұғымдық аппараты нақтыланды, сүт өнімінің жекелеген түрлерінің бірдейлендіру, физикалық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бөлігінде техникалық түзетулер енгізілді.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 360 күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" техрегламентке өзгерістер енгізді. Өзгерістер шеңберінде өндірістің технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, бөбек жасындағы балалар мен мектепке дейінгі балалар үшін аяқкиімнің жартылай жұп массасын ұлғайтуға жол беріледі. Әлемдік үрдістерді ескере отырып, құқық қолдану практикасы негізінде техрегламенттің жекелеген ережелеріне түзетулер жүргізілді.

Техрегламентке өзгерістердің оны қабылдау туралы ЕЭК Кеңесінің шешімі жарияланған күннен бастап жарты жыл өткен соң (шамамен 2023 жылдың сәуірінде) күшіне енуі көзделген.