11 желтоқсанда ЕАЭО-ның төмен вольтті жабдыққа арналған және техникалық құралдардың электр магниттік үйлесімділігіне арналған техникалық регламенттеріне өзгерістер күшіне енеді.
Техникалық регламенттерге өзгерістер оларды қолдану салаларын нақтылауға, ЕАЭО-ның басқа қабылданған техникалық регламенттерінің ережелерімен қосарласуын болдырмауға бағытталған.
Атап айтқанда, "Төмен вольтті жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентті қолдану саласынан кабельдерді, сымдарды, баусымдарды қоспағанда, тұтынуда (пайдалануда) болған төмен вольтті жабдық, сондай-ақ ЕАЭО-ның "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 010/2011), "Лифтілердің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 011/2011) және "Жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 012/2011) техникалық
регламенттерінің қолданылу саласына кіретін және талаптарына сәйкестігін растауға жататын төмен вольтті жабдық алып тасталады.
Осы өнім үшін электр магниттік үйлесімділік талаптарын белгілейтін ЕАЭО-ның басқа да техникалық регламенттерінің қолданылу саласына кіретін өнім, сондай-ақ тұтынуда (пайдалануда) болған медициналық бұйымдар мен техникалық құралдар "Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі" техникалық регламентінің қолданысына жатпайды.
Өзгерістер сондай-ақ техникалық регламенттердің ұғымдық аппаратын, өнімге орайлас пайдалану құжаттамасында көрсетілген мәліметтер құрамын және сертификаттау нысанында техникалық регламенттердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растауға жататын өнімдердің тізбесін нақтылайды.
Техникалық регламенттердегі өзгерістердің өтпелі кезеңдері өзгерістер күшіне енген күнге дейін өнімге ресімделген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар осы құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды екенін белгілейді.
Анықтама
ЕАЭО-ның «Төмен вольтті жабдықтың қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 004/2011) техникалық регламентіне өзгерістер ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 90 шешімімен қабылданды.
ЕАЭО-ның «Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі» (КО ТР 020/2011) техникалық регламентіне өзгерістер ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 91 шешімімен қабылданды.