Жаңалықтар

15.02.2024

ЕАЭО аясында Стандарттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру тәртібі және ЕАЭО техникалық регламенттерінің ғылыми-техникалық деңгейін бағалау тәртібі күшіне енді

Биылғы жылдың 12 ақпанынан бастап «Еуразиялық экономикалық одақ аясында Стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру тәртібі туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 67 шешімі және «Еуразиялық экономикалық одақтың күшіне енген техникалық регламенттерінің және олардың стандарттар тізбелерінің ғылыми-техникалық деңгейіне міндетті кезеңдік бағалау жүргізу тәртібі туралы» ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 100 шешімі күшіне енді. Бұл 2022 жылғы 31 наурызда қол қойылған ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың күшіне енуіне байланысты.

Одақ аясында Стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру тәртібі ЕАЭО техрегламенттерін іске асыру және нарықта өнімнің еркін айналымын қамтамасыз ету үшін мемлекетаралық стандарттарды жоспарлау, әзірлеу және қолдану кезінде, сондай-ақ мүше мемлекеттердің өнеркәсіп, көлік, энергетика және басқа салалардағы кооперациялық ынтымақтастығын қамтамасыз ететін стандарттарды әзірлеу кезінде ЕАЭО елдерін стандарттау жөніндегі ұлттық органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Құжатта Одақта техникалық реттеу саласындағы стандарттауды дамыту, оның ішінде мүше мемлекеттерде инновациялық және жоғары технологиялық өнімдер шығаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру көзделген.

ЕАЭО-ның күшіне енген техникалық регламенттерінің және олардың стандарттар тізбелерінің ғылыми-техникалық деңгейіне міндетті кезеңдік бағалау жүргізу тәртібі олардың талаптарын ғылымның, технологиялардың, өндірістердің және сынақ базасының қазіргі заманғы дамуына сәйкес келтіру, сондай-ақ Одақтың тиісті техрегламенттерін қолдану саласына кіретін өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында техрегламенттердің ғылыми-техникалық деңгейін бағалауды ұйымдастыру мен жүргізудің кезеңдері мен рәсімдерін белгілейді.

ЕАЭО техникалық регламенттерінің ғылыми-техникалық деңгейін бағалау ЕЭК Кеңесінің өкімімен бекітілетін жоспарға сәйкес кемінде бес жылда бір рет кезеңділікпен жүргізілетін болады.

Анықтама

Қазіргі уақытта ЕАЭО аясында 52 техникалық регламент қабылданды, оның 47-сі күшіне енді. Тағы 10 техникалық регламент әзірлену үстінде.