тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык
11.03.2021

Константин Бегиджанов ЕЭК-тің Монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Константин Григорьевич Бегиджанов 1988 жылы 30 қыркүйекте Ереванда туған.

2009 жылы Ресей-Армян (Славян) университетін, 2018 жылы Армения Ұлттық политехникалық университетін бітірген. Экономика магистрі. Ағылшын тілін жетік біледі.

2008-2020 жылдары Ереванның коммерциялық кәсіпорындарында әртүрлі лауазымда істеді, соның ішінде "Прогресстех – Армения" ЖШҚ және "Миннова. АМ" ЖШҚ бас директоры болды.

2020 жылғы наурыздан 2021 жылғы наурызға дейін Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесінің (министрдің) көмекшісі болып жұмыс істеді.

2021 жылғы 10 наурыздан бастап ЕЭК-тің Монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.