Ирина Анатольевна Ивантей 1990 жылы туған. 2012 жылы Беларусь мемлекеттік технологиялық университетін "менеджер-экономист" мамандығы бойынша, 2019 жылы Беларусь мемлекеттік экономикалық университетін "экономика магистрі" дәрежесімен "экономика" мамандығы бойынша бітірген.
2022 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясында "мемлекеттік басқару органдары жүйесіндегі ақпараттық-талдамалық жұмыс" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.
2012 жылдан бастап Беларусь Республикасының монополияға қарсы органдарында: Минск қалалық атқару комитетінің Монополияға қарсы және баға саясаты басқармасында, Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің Баға саясаты департаментінде әртүрлі лауазымда жұмыс істеді.
2016 жылғы қыркүйектен бастап Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінде жұмыс істеп, монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік әдіснамасы мәселелеріне жетекшілік етті.
2024 жылғы 15 қарашадан бастап
Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаменті
директорының орынбасары болып тағайындалды.