Татьяна Викторовна Бранцевич 1974 жылы туған. 1996 жылы Беларусь ауыл шаруашылығы академиясын "АӨК салаларындағы ұйымдастыру және басқару" мамандығы бойынша, 2008 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясын бітірген.
Еңбек қызметін Минск облысының Крупки қаласындағы "Амкодор-Можа" ЖШҚ машина-трактор паркінде экономист болып бастады.
1999-2009 жылдары Минск облысы Бас статистика басқармасының Крупск аудандық статистика бөлімінің бас экономисі болып жұмыс істеді.
2009-2015 жылдары Минск облысының Крупск аудандық атқару комитетінде басшылық лауазымдарда болды.
2015 жылдан 2021 жылға дейін Минск облыстық атқару комитетінде төрағаның орынбасары, экономика комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Инвестициялық, инновациялық қызмет, кәсіпкерлікті дамыту және сыртқы сауда ынтымақтастығы мәселелеріне жетекшілік етті.
2021-2024 жылдары Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары болды. Өңірлік даму, әлеуметтік саясат, АӨК және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелеріне жетекшілік етті. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды және кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржылық сауықтыруды үйлестіруді жүзеге асырды.
2025 жылғы 23 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.