Людмила Ивановна Мудрова Могилев облысының (Беларусь Республикасы) Хотимск қала типтес кентінде туған.
Могилев мемлекеттік техникалық университетін (2002 жылы) және Белорус мемлекеттік экономика университетінің аспирантурасын (2021 жылы) бітірген.
2003 жылғы наурыздан бастап Беларусь Республикасы Салықтар мен алымдар министрлігінің Хотимск ауданы (Хотимск қала типтес кенті) бойынша инспекциясының мемлекеттік салық инспекторы, аға мемлекеттік салық инспекторы, бөлім бастығы, инспекция бастығының орынбасары болып істеді.
2007 жылғы наурыздан тамызға дейін Беларусь Республикасы Салықтар мен алымдар министрлігінің Могилев облысы бойынша инспекциясының бас мемлекеттік салық инспекторы (Могилев қаласы), 2007 жылғы қыркүйектен 2009 жылғы қазанға дейін Беларусь Республикасы Салықтар мен алымдар министрлігінің бас мемлекеттік салық инспекторы болды (Минск қаласы).
2009 жылғы қазаннан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің бас маманы, басқарма бастығы болып істеді (Минск қаласы).
2023 жылғы 7 ақпаннан бастап ЕЭК-тің Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды