Қырғыз Республикасының мемлекеттік басқару органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
1999-2001 жылдары Қырғыз Республикасының Конституциялық сотында істеді.
2001-2002 жылдары «Ак-Тилек» су пайдаланушылар қауымдастығында еңбек етті.
2002-2004 жылдары Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігінің Экономиканы дамыту мемлекеттік қорында қызмет атқарды.
2004-2010 жылдары Қырғыз Республикасы Президенті Аппаратының Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссиясының жауапты хатшысы болды.
2010-2012 жылдары Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің азаматтық мәселелер жөніндегі жауапты хатшысы қызметін атқарды.
2013-2014 жылдары Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік тіркеу қызметі жанындағы «Инфоком» МК мамандандырылған орталығы директорының орынбасары болды.
2015-2017 жылдары Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеши депутатының консультанты болып істеді.
2017 жылдан 2021 жылға дейінгі аралықта Қырғыз Республикасы Үкіметі Аппаратының қорғаныс, құқық тәртібі және төтенше жағдайлар бөлімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат секторының сарапшысы, кадрлық жұмыс және мемлекеттік қызмет секторының меңгерушісі, адами ресурстарды басқару бөлімінің меңгерушісі болды.
Қырғыз Республикасы мемлекеттік қызметінің үздігі болып табылады, мемлекеттік азаматтық қызметтің 3-сыныпты мемлекеттік кеңесшісі сыныптық шені бар. Қырғыз Республикасы Үкіметі Аппаратының құрмет грамотасымен, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Үкіметінің ведомстволық наградаларымен марапатталған.
2021 жылғы сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқықтық департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.