Вараздат Пахлавуни 1976 жылы Ереван қаласында (Армения) дүниеге келген. 1998 жылы Ереван мемлекеттік университетін (Халықаралық қатынастар магистрі), 2003 жылы Армения Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының аспирантурасын (халықаралық құқық) бітірген.
1998 жылдан 2000 жылға дейін Армения Республикасының Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар департаментінің халықаралық шарттар бөлімінде жұмыс істеді.
2000 жылдан 2001 жылға дейін Армения Көлік және коммуникациялар министрлігінің ТРАСЕКА Ұлттық хатшылығының құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшысы болды.
2001-2022 жылдар аралығында Армения Республикасының Сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2024 жылдың наурыз айында Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқық департаменті директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.