Еуразиялық экономикалық комиссия, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және «Антиконтрафакт» Халықаралық қауымдастығы 5-6 желтоқсан аралығында Астанада «Антиконтрафакт» XII Халықаралық форумын өткізеді.
Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мен қорғаудың өзекті мәселелеріне арналған Форум контрафактілік өнімнің таралуына қарсы күресте негізгі сын-қатерлерді талқылауға және тиімді шешімдерді іздеуге арналған алаңға айналады.
2019 – 2023 жылдары Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде зияткерлік меншік саласында 46 мыңнан астам бұзушылық анықталып, 60 млн-нан астам контрафактілік тауарлар тәркіленді.
ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтановтың айтуы бойынша, «құқық қорғау» құралдарын ЕАЭО елдерінде сыртқы сауда қызметі мен заңды өндірісті дамытудың экономикалық ынталандыруларымен ұштастыру нарықтан контрафактілік және бұрмаланған өнімдіе ығыстыруға бағытталған.
«Антиконтрафакт» форумы аясында аталған мәселелерді кәсіби талқылау болатынына сенімдімін, бұл Еуразиялық экономикалық одақ нарығында контрафактілік өнім айналымына қарсы күрестің тиімділігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз», – деп атап өтті ЕЭК министрі.
Форум бағдарламасына зияткерлік меншік саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен пленарлық отырыс, құқықтық реттеу, кедендік бақылау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, электрондық сауданы дамыту, сондай-ақ зияткерлік меншік саласында IT-технологияларды қолдануға арналған 10 пікірталас сессиясы кіреді.
Іс-шараға министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, құқық иелері, тауар өндірушілер, тұтынушылар қауымдастығы, сарапшылар, ЕАЭО елдерінің кәсіби қоғамдастықтары мен БАҚ өкілдері қатысады.
Осы жылы форумға Үндістан, Иран, Қытай, Тунис, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген дипломатиялық корпус пен компаниялардың өкілдерін шақыра отырып, географиялық ауқымы кеңейді.