Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Алкогольді нарықты реттеу туралы келісім жобасы (бұдан әрі тиісінше – Келісім жобасы, Одақ) Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрі - Комиссия) Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен бірге 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 7 Комиссия Кеңесінің шешімдерін орындау үшін әзірленген.

Келісім жобасын әзірлеу қажеттігі бірыңғай қағидаттар мен реттеу мақсаттарының жоқтығынан, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттерде өндірілген, алкогольді өнімнің өзара саудасындағы бірқатар тосқауылдардың (олардың шарттарының) болуынан, соның ішінде:
- «қамтамасыз ету төлемінің» кемсітушілік және жоғарылатылған көлемінен;
- Беларусь Республикасындағы «арнайы импорттаушылар» институтының санды шектеулерінен;
- ілеспе құжаттардың бірыңғай нысандарының жоқтығынан;
- әкімшілік ынтымақтастық жүйесінің, соның ішінде Тараптарды реттеушілер арасындағы ақпараттық алмасудың жоқтығынан   туындаған.

Келісім жобасы алкогольді өнімнің өзара саудасындағы тосқауылдарды (олардың шарттарын) жоюға және Одақ шеңберінде алкогольді нарықты реттеудің құқықтық негіздерін қалыптастыруға бағытталған.

Одақ шеңберіндегі өзара сауда кезіндегі кемсітушілік, санды және инвестициялық шектеусіз және алып тастауларсыз алкогольді өнімнің ортақ нарығын құру мақсатында Келісім жобасы:
- бірыңғай реттеу мақсаттары, атап айтқанда Тараптардың экономикалық мүдделерін, халықтың өмірі мен денсаулығын, сонымен қатар алкогольді нарыққа қатысушылардың құқықтарын қорғау;
- бірыңғай реттеу қағидаттары, соның ішінде алкогольді өнім үшін ұлттық режим және барынша қолайлылық режимі, алкогольді нарыққа қатысушылар мен олардың қызметі, бәсекелестікті шектеуге жол бермеу, сонымен қатар транспаренттілік;
- нарыққа қатысушылар мен олардың қызметіне қойылатын талаптарды құрайтын, алкогольді нарықты реттеудің жалпы шараларының номиналды жинағының белгіленуін, сонымен қатар осындай талаптардың қадағалануын тиісті түрде бақылануын және қадағалануын қамтамасыз етілуін көздейді.

Бұдан басқа, Келісім жобасында алкогольді нарықты реттеушілердің әкімшілік ынтымақтастығын қамтамасыз ететін ережелер көзделген.

Комиссия Тараптардың уәкілетті органдарымен бірге Келісім жобасын қабылдау нәтижелері бойынша және олардың ұсыныстары бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылады, соның ішінде:
- Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Тараптардың заңнамасын үйлестіруге бағытталған шаралар тізбесін бекітуі;
- Комиссия Кеңесінің алкогольді өнімді Одақ аумағы бойынша тасымалдауға арналған ілеспе құжаттар тізбесі мен нысандарын бекітуі;
- Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Тараптардың уәкілетті органдары арасында алмасуы қажет ақпарат тізбесін бекітуі;
- Әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімді әзірлеу және жасасу.

2015 жылы Келісім жобасы мемлекетішілік келісуден өтті (МІК).



     Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде алкогольді нарықты реттеу туралы келісім жобасы
 
  2013 ж. 25 желтоқсандағы № 310 Комиссия Алқасының шешімі
 
  2015 ж. 29 мамырдағы № 14 Еуразиялық үкіметаралық кеңес өкімі
 
  2015 ж. 10 қарашадағы № 124 Комиссия Алқасының өкімі