Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Ақпар графика
Оқиғалар
Бейнегалерея
Фотогалерея
Арнаулы жобалар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Ақпар графика
Оқиғалар
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Ақпар графика
Оқиғалар
Бейнегалерея
Фотогалерея
Арнаулы жобалар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
29 Sep 2023
29.09.2023 ЕАЭО-да 2023 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсудің жеделдеуі күтілуде
2022 жылдың екінші жарты жылдығында Еуразиялық экономикалық одақтың экономикасы қалпына келе бастады, ал 2023 жылы ЕАЭО мемлекеттерінде экономикалық белсенділіктің өсу қарқыны артады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жарияланған ЕАЭО мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен перспективалары және макроэкономикалық саясат саласындағы 2022 жылғы шаралар туралы баяндамада айтылған. Құжат бұдан бұрын ЕЭК Алқасының отырысында қаралды. ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев атап өткендей, ЕАЭО-да экономикалық өсу жеделдеді. "Болжам барынша иланымды. Экономикалық өсуді қарқынды етудің алғышарттары инвестициялық белсенділіктің оң серпінін сақтау, халықтың табысы мен жалақысын артыру, экономиканы кредиттеудің өсуі, еңбек нарығындағы қолайлы жағдаят болып табылады. Бұл факторлар 2023 жылы ішкі сұраныстың артуына ықпал ететін болады", - деді Сергей Глазьев. Ол өсу әлеуеті бұдан да жоғары екенін, мұны іске асыру үшін капиталдың кетуін тоқтату және инвестицияларды несиелендіруді кеңейту қажет деп атап көрсетті. Мүше мемлекеттердің Экономика министрліктерінің болжамдарына сәйкес 2023 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО-ның жиынтық ЖІӨ-нің өсу қарқыны 3%-ға жетті. Баяндамада ЕАЭО-ның ішінде де, сол сияқты үшінші елдермен де сауда және қаржы байланыстарының өзгеруі туралы ақпарат берілген.
29 Sep 2023
Минскіде құрылыс материалдары мен бұйымдарын ЕАЭО нарығына жіберудің бірыңғай талаптары мен рәсімдері талқыланды
ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко басқарған Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясы 28 қыркүйекте Минскіде "Құрылыстағы техникалық реттеу құралдары. ЕАЭО-ға мүше елдердің интеграциясы жағдайындағы тәсілдемелер" халықаралық конференциясына қатысты. Конференция шеңберінде Ресей Федерациясы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің төрағалық етуімен Еуразиялық экономикалық одақтың "Құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы" техрегламентінің жобасын әзірлеу жөніндегі мемлекетаралық жұмыс тобының отырысы да болып өтті. Виктор Назаренко өзінің сөйлеген сөзі барысында ЕАЭО елдерінің экономикасы үшін маңызды да мәнді құрылыс саласы сияқты салада Одақта бірыңғай міндетті талаптарды белгілейтін құжат туралы айтып берді. "ЕАЭО үшін бірыңғай техникалық регламентті қабылдау құрылыс саласындағы интеграцияны тереңдетуге қарай жасалған маңызды қадам болады. Оны іске асыру технологияларды дамыту және шығарылатын өнім сапасын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Техникалық регламентті қолдану саласына және өнімнің ықтимал қауіптілігін әрі оның ғимараттар мен құрылыстарға қауіпсіздіктің базалық талаптарын қамтамасыз етуге әсерін ескере отырып, құрылыс материалдары мен бұйымдарының сәйкестігін бағалау рәсімдеріне, стандарттардың қазіргі заманғы және өзекті базасын қалыптастыруды қамтамасыз етуге және осы салада мемлекетаралық стандарттауға көшуге қатысты бірқатар іргелі мәселе талқыланды. "Бірыңғай техникалық регламент құрылыс материалдары мен бұйымдары үшін тұтынушыларды қауіпсіз емес өнімдерден қорғауды және отандық өндірушілер үшін тең бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ететін сәйкестікті бағалау нысандарын белгілеуге тиіс. Сәйкестендірудің нақты қағидаларын айқындау маңызды. Бірінші кезекте импорттық өнімге қатысты жарамдылығын растау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету маңызды", - деп атап өтті Виктор Назаренко. Сөзінің соңында ЕЭК министрі айналысқа шығарылатын құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір ғана техникалық регламентті қабылдап қоюдың жеткіліксіз екенін айтты. Бүгінде Одақ елдерінде жекелеген құрылыс материалдарына ұлттық талаптар белгіленген, алайда мемлекеттік бақылау дәл теңшеу сипатына ие, жекелеген елдерде тексерулер жүргізуге мораторий енгізілген. Сол себепті бүгінгі күні тиісті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды, соның ішінде бақылау органдарының нарықтағы алақол қатысушыларға қатысты шаралар қабылдау үшін аккредиттеу органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қажет. Ресей Федерациясы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрінің орынбасары Сергей Музыченко сөз сөйлеуі барысында Ресей Құрылысмині техрегламент жобасын болып өткен жария талқылау шеңберінде ЕАЭО елдерінің мемлекеттік билік органдары мен ұйымдарынан түскен 500-ге жуық ескерту мен ұсынысты қарағанын хабарлады. Ол ЕАЭО-да болып өткен жария талқылауды ескере отырып, құрылыс материалдары мен бұйымдарын бірыңғай реттеуге көшу үшін тағы бір қадам жасалғанына да назар аударды. Мемлекетаралық жұмыс тобының жұмысына "Стройтехнорм" РБК директоры Игорь Лишай, ФСО ФАМ директоры Андрей Копытин, РӨКО өнеркәсіптік саясат және техникалық реттеу жөніндегі тең төрағаның орынбасары Андрей Лоцманов, "НОПРИЗ" президенті Анвар Шамузафаров, Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасының Техникалық реттеу, стандарттау және өнім сапасы жөніндегі комитетінің төрағасы Сергей Пугачев, сондай-ақ Армения Республикасының Қала құрылысы комитетінің, Беларусь Республикасының Сәулет және құрылыс министрлігінің, Беларусь Республикасының Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитетінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің, "Атамекен" ҰКП-ның, Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, Ресей Көлік министрлігінің, Ресей ТЖМ-нің, "Роспотребнадзор", "Росаккредитация" және ЕАЭО елдерінің өзге де органдары мен ұйымдарының өкілдері қатысты. Анықтама ЕАЭО-ның "Құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы" бірыңғай техникалық регламентін әзірлеуді Ресей Федерациясы (Ресей Құрылыс министрлігі мен Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігі) 2021 жылдан бастап ЕАЭО-ның барлық мемлекетінің жұмыс тобы мүшелерімен бірлесіп жүргізіп келеді. Техрегламент жобасы Одақ елдерінде қазірдің өзінде бар құрылыс материалдары мен бұйымдарына қойылатын талаптарды ескереді. Теміржол көлігі мен автомобиль жолдарының инфрақұрылымына қатысты Одақтың қолданыстағы техникалық регламенттерінің тәжірибесі ескерілген. Жария талқылау ЕАЭО-ның құқықтық порталында 2023 жылғы 10 шілдеден 8 қыркүйекке дейінгі аралықта өткізілді.
29 Sep 2023
ЕАЭО-да акваөсірудің орнықты дамуы бес жыл ішінде өндірістің 1,8 есе өсуін қамтамасыз етті
Тұтастай Еуразиялық экономикалық одақ бойынша 2022 жылдың қорытындысымен акваөсіру өнімінің өндірісі 450 мың тоннаға жетті. Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян бұл туралы акваөсіру бойынша өткен "Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайында акваөсірудің дамуы. Сын-қатерлер мен шешімдер" атты конференцияда мәлімдеді. Іс-шара Санкт-Петербургте VI Халықаралық балық өнеркәсібі форумы - Балық индустриясы, теңіз өнімдері және технологиялар көрмесі (Global Fishery Forum & Seafood Expo Russia 2023) шеңберінде болып өтті. "Акваөсіру өндірісі Еуразиялық кеңістікте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда және тұтыну нарығын сапалы балық өнімдерінің кең ассортиментімен толтыруда айтарлықтай әлеуетке ие",- деп атап өтті Армен Арутюнян. ЕЭК өкілінің сөзінше, балық шаруашылығы кешені саласындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басымдықтарының бірі - мүше мемлекеттердің арнайыландырылған жемшөп, балық өсіру материалы, дәрілік заттар, жабдықтар өндіру жөніндегі кооперациялық жобаларын іске асыру, заңнамалық және нормативтік қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері. ЕАЭО елдерінің білім беру ұйымдарының агроөнеркәсіптік кешен саласында, соның ішінде балық шаруашылығы қызметінде қазіргі заманғы әдістер мен технологияларды ендіру бойынша салалық мамандарды даярлаудың бірлескен бағдарламаларын іске асыру кезінде академиялық ұтқырлықты дамытуы да Комиссия қызметінің перспективалық бағыты болып табылады. Анықтама Мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын дамыту және ЕАЭО-да балық шаруашылығы қызметін дамытудың жалпы бағдарларын қамтамасыз ету мақсатында Комиссия Алқасы 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 8 "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің акваөсіру саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы" және 2022 жылғы 23 мамырдағы № 21 "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде акваөсіру мен балық шаруашылығының орнықты дамуын қамтамасыз етуге орайлас жалпы қағидаттар мен тәсілдемелер туралы" ұсыным қабылдады
29 Sep 2023
ЕАЭО-да 2023 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсудің жеделдеуі күтілуде
2022 жылдың екінші жарты жылдығында Еуразиялық экономикалық одақтың экономикасы қалпына келе бастады, ал 2023 жылы ЕАЭО мемлекеттерінде экономикалық белсенділіктің өсу қарқыны артады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жарияланған ЕАЭО мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен перспективалары және макроэкономикалық саясат саласындағы 2022 жылғы шаралар туралы баяндамада айтылған. Құжат бұдан бұрын ЕЭК Алқасының отырысында қаралды. ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев атап өткендей, ЕАЭО-да экономикалық өсу жеделдеді. "Болжам барынша иланымды. Экономикалық өсуді қарқынды етудің алғышарттары инвестициялық белсенділіктің оң серпінін сақтау, халықтың табысы мен жалақысын артыру, экономиканы кредиттеудің өсуі, еңбек нарығындағы қолайлы жағдаят болып табылады. Бұл факторлар 2023 жылы ішкі сұраныстың артуына ықпал ететін болады", - деді Сергей Глазьев. Ол өсу әлеуеті бұдан да жоғары екенін, мұны іске асыру үшін капиталдың кетуін тоқтату және инвестицияларды несиелендіруді кеңейту қажет деп атап көрсетті. Мүше мемлекеттердің Экономика министрліктерінің болжамдарына сәйкес 2023 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО-ның жиынтық ЖІӨ-нің өсу қарқыны 3%-ға жетті. Баяндамада ЕАЭО-ның ішінде де, сол сияқты үшінші елдермен де сауда және қаржы байланыстарының өзгеруі туралы ақпарат берілген.
29 Sep 2023
ЕЭК-те ЕАЭО мен Өзбекстанның тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының түйінді бағыттары қаралды
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өзбекстан Республикасының Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті өкілдерінің жұмыс кездесуінің негізгі тақырыбы өзара іс-қимыл салаларын кеңейту және тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін дамыту болды. Кездесу Өзбекстан Республикасының Үкіметі мен Комиссияның 2021-2023 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде өтті және өткен жылғы қазанда басталған диалогтың жалғасы болды. Өзбекстан делегациясын Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Фаррух Карабаев басқарды. ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Наталья Жукова ЕАЭО-ның келісілген саясатының негізгі бағыттары және тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында Одақ елдері іске асырып жатқан түйінді құжаттар туралы айтып берді. "ЕЭК-те Одақ жанындағы байқаушы мемлекеттерді ЕАЭО-ның халықаралық ынтымақтастығының барлық бағыты бойынша интеграция процестері туралы барынша хабардар ету үшін жағдайлар жасалған. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында тәжірибе алмасу үшін тиімді салалық алаң бейінді Консультативтік комитет болып табылады. Өзбекстан өкілдерінің оның жұмысына қатысуы ЕАЭО мемлекеттері мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Үкіметаралық және іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ Еуразия өңірінің барлық елі үшін өзекті тұтынушылардың мүдделерін қорғау мәселенамасын сындарлы талқылауды дамытуға ықпал етеді", - деп атап өтті Наталья Жукова. Өзбекстан өкілдері Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы реттеу ерекшеліктері мен заңнамалық бастамалар туралы хабардар етті. Жұмыс кездесуіне қатысушылар тұтыну нарығына қатысушылардың мүдделерінің теңгерімін сақтаудың неғұрлым маңызды аспектілерін, адал іскерлік практиканың қағидаттары мен критерийлерін ендіру тәжірибесін талқылады. Одақ елдерінің ішкі нарықта сенім кеңістігін қалыптастыруға, тұтынушы мен бизнес арасындағы өзара қарым-қатынастардың сауаттылығы мен мәдениетін арттыруға бағытталған жұмысы айрықша атап өтілді. Ағымдағы экономикалық жағдаятты ескере отырып, тұтынушыларды қорғау мәселенамасы, сондай-ақ мүше мемлекеттердің Комиссия ұсынымдарында бекітілген электрондық саудадағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауға орайлас тәсілдемелері талқыланды. Кездесуге қатысушылар Өзбекстан Республикасының Үкіметі мен ЕЭК арасындағы кезекті кезеңге арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын қалыптастыру үшін өзекті ұсыныстарды дайындау мақсатында күш-жігерді біріктіруге уағдаласты. Анықтама Өзбекстан Республикасының Үкіметі мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға 2021 жылғы 30 сәуірде Қазан қаласында қол қойылды.
29 Sep 2023
ЕАЭО-ның «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер күшіне енеді
28 Sep 2023
Бақытжан Сағынтаев: "ЕАЭО елдері зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы өзара іс-қимылды электрондық форматқа көшіреді"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев бұл туралы 28 қыркүйекте Алматыда (Қазақстан) өткен Жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел отырысында сөйлеген сөзінде айтты. Пікірсайыс зейнетақы жүйелерінің оңтайлы және орнықты модельдерін іздестіруге, сондай-ақ міндетті жинақтаушы және аралас жүйелердің даму перспективаларына арналды. ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев дөңгелек үстелге қатысушыларға 2021 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің құқықтық қолдану практикасы туралы айтып берді. Ол ЕАЭО елдері қазіргі уақытта еңбекшілерді зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы өзара іс-қимылды Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылатын электрондық форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. "Бұл жұмысты аяқтау зейнетақы тағайындау мен төлеуге байланысты барлық рәсімді айтарлықтай оңайлатады, ақпаратты қорғаудың тиісті деңгейін ұстап тұруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы тағайындауға және төлеуге арналған өтініштерін қарау мерзімдерін қысқартады", - деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев. Іс-шара барысында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мәселелерінде барлық мүдделі тараптың ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығы атап өтілді. "ЕАЭО-дағы еңбек көші-қонының оң серпіні еңбек және әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру мәселелерінің басымдығын талап етеді. Осыған байланысты әлеуметтік, соның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері ЕАЭО елдері арасындағы интеграциялық процестерде маңызды рөл атқарады", - деп мәлімдеді ЕЭК министрі. Анықтама Жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел Алматыда Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының қолдауы аясында өткізілді. Бұл Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығын мерекелеуге орайластырылды. Іс-шара барысында Швейцария, Чили, Австралия, Қытай, Сауд Арабиясы, Сингапур, Израиль, Уругвай, Канада, Италия және басқа елдердің сарапшыларының, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының, Дүниежүзілік банктің және т.б. өкілдерінің арасында тәжірибе және білім алмасу болып өтті.
28 Sep 2023
ЕЭК Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен өзара іс-қимылды кеңейтеді
Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев пен Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының президенті, доктор Мохаммед Азманның кездесуінің негізгі тақырыбы азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту болды. Кездесу 28 қыркүйекте Алматыда (Қазақстан) міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерінің даму перспективаларына арналған Жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел аясында болып өтті. "Еңбекшілерді және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру ЕАЭО шеңберінде бірыңғай еңбек нарығын қалыптастыру кезіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы қызметінің әмбебап деңгейін, оның халықты әлеуметтік қорғау жүйелерін жетілдіру мәселелеріндегі тәжірибесін ескере келгенде, бұл біз үшін маңызды болып саналады", - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Кездесу барысында ЕЭК пен ХӘҚҚ арасындағы байланысты одан әрі кеңейтуге деген өзара дайындық пен мүдделілік атап өтілді. Анықтама Жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел Алматыда Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының қолдауы аясында өткізілді. Бұл Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығын мерекелеуге орайластырылды. Іс-шара барысында Швейцария, Чили, Австралия, Қытай, Сауд Арабиясы, Сингапур, Израиль, Уругвай, Канада, Италия және басқа елдердің сарапшыларының, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының, Дүниежүзілік банктің және т.б. өкілдерінің арасында тәжірибе және білім алмасу болып өтті. Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруді өз қызметінің мақсаты етіп қойған әмбебап халықаралық ұйым болып табылады. Қауымдастықтың Халықаралық еңбек ұйымының қолдауы аясында 1927 жылы негізі қаланған. Бүгінгі таңда ХӘҚҚ құрамына 160 елден 320-дан астам ұйым-мүше кіреді.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы
ЕЭК әлеуметтік желілерде
VK
Youtube
Telegram