Перейти на старую версию сайта

БАҚ назарына

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімімен байланысу

Телефондар: +7 (495) 669-24-00, қос. 41-55, 41-69, 41-94, 41-49, 41-74, 41-45,

e-mail: press@eecommission.org​ Ұялы телефондар: +7 (916) 436-08-00, +7 (917) 590-77-73

Құрметті әріптестер!

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі 2022 жылға БАҚ өкілдерін аккредиттеуді аяқтады.

Тұрақты аккредиттеу бір күнтізбелік жыл ішінде қолданылады және журналистерге Комиссия ғимараттарындағы БАҚ үшін ашық барлық іс-шараларда және жекелеген жағдайларда қол жеткізу шектеулі іс-шараларда болуға құқық береді. Ресми іс-шараларда орын саны шектеулі жағдайда Комиссия жанында тұрақты аккредиттелген БАҚ өкілдері басымдыққа ие болады.

ЕЭК жанында БАҚ-ты аккредиттеу тәртібіне сәйкес БАҚ редакциясының ресми бланкісінде бас редактор қол қойып, мөрмен расталған БАҚ өкілдерін тұрақты тіркеуге өтінім департамент директоры Д.Б.Турусбековтің атына қағаз жеткізгіште және (немесе) press@eecommission.org электрондық пошта мекенжайы бойынша жіберіледі.Өтінімге БАҚ-ты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және (немесе) хабар таратуға арналған лицензияның (электрондық БАҚ үшін) көшірмесі қоса беріледі.

Өтінімде мынадай деректер көрсетіледі:

1)БАҚ-тың толық атауы, оның құрылтайшысы немесе шығарушысы, таралымы, басылып шығу мерзімділігі, редакцияның орналасқан жері, таралу өңірі, байланысу деректері, БАҚ ресми сайтының мекенжайы;

2) БАҚ өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы, байланысу деректері;

3) БАҚ өкілі пайдаланатын жабдықтың тізімі;

Түрақты аккредиттеу туралы шешім өтінім алынған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей қабылданады.

ЕЭК жанында БАҚ-ты аккредиттеу тәртібінің толық мәтінімен танысу.

БАҚ өкілдерінің ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық қамтамасыз ету бөліміне сауалдар беру тәртібі
Жазбаша түсіндірме алуға арналған сауалдар электрондық түрде мына мекенжай бойынша қабылданады: press@eecommission.org​​
Түсіндірме алуға арналған сауалда:

  • сауалдың тақырыбы;

  • сұрақтардың тізімі;

  • түсіндірме алуды қалайтын мерзім (қажет болған кезде);

  • редакцияның және тілшінің байланысу деректері тұжырымдалады.

Құрметті журналистер!
Біз ЕЭК-ке жолдаған әрбір ақпараттық сауалыңызға мұқият қараймыз. Сіздердің сұрақтарыңызға сапалы жауап дайындау үшін ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі салалық департаменттермен байланысады. Бұл жұмыс белгілі бір уақытты талап ететіні белгілі. Сондықтан сіздерден бұған түсіністікпен қарауды өтінеміз.
Бейнетүсіндірмеге/ сұхбатқа арналған сауалда:

  • сюжеттің жалпы тақырыбы;

  • түсіндірме тақырыбы;

  • сұрақтардың тізімі;

  • түсіндірме алуды қалайтын мерзім;

  • журналистің байланысу деректері тұжырымдалады.

Бейнетүсіндірмені/сұхбатты жазу мерзімі сұхбат берушінің ағымдағы жұмыс графигіне негізделе отырып айқындалады. Тақырыпты және жазып алу мерзімін келіскеннен кейін БАҚ өкілі электрондық түрде press@eecommission.org мекенжайына мына ақпаратты беруі қажет:

  • түсіру тобының құрамы - ТАӘ, лауазымдары;

  • аппаратуралар тізімі;

  • жауапты адамның байланысу деректері.

БАҚ және түсіру тобы өкілдерінің автокөлік құралдарының жалға беруші ұйым аумағындағы қозғалысы мен тұрағы өтінімдер негізінде жүзеге асырылады. КҚ (көлік құралы) үшін көлік қоятын орын алу қажеттігі ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бейінді қызметкерімен күні бұрын сөйлесіледі.

Аумаққа кіретін рұқсаттаманы ресімдеу және көлік қоятын орынды қамтамасыз ету үшін электрондық түрде press@eecommission.org мекенжайына мына ақпаратты беру қажет:

  • КҚ мемлекеттік нөмірі;

  • автомобильдің маркасы мен моделі;

  • КҚ жүргізушінің ТАӘ.

Сауал жөнінде қабылданған шешім туралы ақпаратты ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің мына телефон нөмірлері бойынша: + 7 (495) 669-24-00, қос. 41-55 (жұмыс күндері 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін) білуге болады.