Абрамян Давид Манвелович – кеңесші, ішкі нөм.: 41-68
Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ішкі нарықтағы кедергілерді анықтау мақсатында мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері жобаларының Шарттың, халықаралық шарттар мен Одақ заңнамасын құрайтын актілердің ережелеріне сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады;
2) ішкі нарықтағы кедергілерді анықтау мақсатында мүше мемлекеттердің Шарт ережелерін, халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерді орындауына бақылауды жүзеге асырады;
3) ішкі нарықта кедергілер белгілерінің болуы тұрғысынан мәліметтер мен өтініштерге бастапқы талдау жүргізеді;
4) шектеулерді анықтау және жойылды деп тану бойынша жұмыс жүргізеді;
5) шектеулер тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
6) шектеулермен жұмыс істеу бойынша әдіснамалық негіздерді әзірлеуге қатысады;
7) шектеулерді жою туралы мүдделі тараптарды хабардар етуді қамтамасыз етеді;
8) ішкі нарықтағы кедергілерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын («жол карталарын») әзірлейді;
9) ішкі нарықтағы кедергілерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларында («жол карталарында») көзделген іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
10) Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша консультативтік органның (органдардың) қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
11) ақпараттық порталды қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді;
12) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссияның құрылымдық бөлімшелерімен, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.