Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаменті (бұдан әрі – Департамент, Комиссия) Комиссияның энергетика саласындағы қызметін қамтамасыз ететін Комиссияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаменті туралы ереже Комиссия Алқасы Төрағасының 2012 жылғы 16 тамыздағы №245 бұйрығымен бекітілген.
Департаменттің негізгі міндеттері:
- Комиссияның энергетика саласындағы функцияларының іске асырылуын қамтамасыз ету;
- Тараптардың келісілген энергетика саясатын жүргізуіне жәрдемдесу;
- электр энергетикасы, газды, мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы интеграцияны тереңдету бойынша ұсыныстар дайындау;
- 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың энергетика саласына қатысты ережелерінің іске асырылуы жөніндегі жұмысты
ұйымдастыру;
- электр энергиясының, газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыруға жәрдемдесу;
- энергетика саласындағы мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуына жәрдемдесу.Департаментте үш бөлім құрылған:
- электр энергетикалық және атом саясаты бөлімі;
- мұнай-газ саясаты бөлімі;
- энергетикалық ресурстар саудасын дамыту бөлімі.
Бөлімдер Департамент міндеттерінің шешілуін және функцияларының орындалуын қамтамасыз етеді.