08.06.2021
Медициналық бұйымдарға арналған стандарттар тізбесі өзекті етілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен тиімділігінің жалпы талаптарына, оларды таңбалауға және олардың пайдалану құжаттамасына қойылатын талаптарға медициналық бұйымдардың сәйкестігін сақтау оларды қолдану нәтижесінде ерікті түрде толық немесе ішінара қамтамасыз етілетін стандарттардың тізбесіне өзгерістер енгізді. Соның нәтижесінде сегіз стандарт неғұрлым өзектірек нұсқаларға ауыстырылды, жаңа сегіз стандарт пен өзгерістер орындаудың бір әдістемесі қосылды, ескірген жеті стандарт алып тасталды. Жаңа стандарттар медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен тиімділігінің заманауи талаптарына сәйкес келеді.