News

21.05.2021

ЕАЭО әлемдегі өз позицияларын нығайтты

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшыларына ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің 2020 жылғы негізгі бағыттарын іске асыру қорытындылары ұсынылды. Еуразиялық экономикалық комиссияның есебінен көрінгеніндей, ЕАЭО өзара іс-қимылды рәсімилеген үшінші елдердің және экономикалық интеграцияның өңірлік бірлестіктерінің ЖІӨ іс жүзінде әлемдік ЖІӨ-нің үштен бір бөлігін — 40,4 трлн АҚШ долларын құрайды. Бұл елдердің халқы — әлем халқының жартысынан астамы — 3,9 миллиард адам. COVID-19 пандемиясынан туындаған шектеулерге қарамастан, Комиссия 2020 жылы үшінші елдермен, өңірлік интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды қолдап қана қоймай, ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейіне көшуге де қол жеткізді.

2021 жылдың басында Комиссия үшінші елдердің үкіметтерімен (Бангладеш, Грекия, Иордания, Индонезия, Камбоджа, Куба, Марокко, Молдова, Моңғолия, Перу, Сингапур, Таиланд, Фарер аралдары, Чили) ынтымақтастық немесе өзара түсіністік туралы 14 меморандум, сондай-ақ өңірлік интеграциялық топтармен 9 меморандум (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы, Оңтүстік Америка елдерінің ортақ нарығы, Тынық мұхиты альянсы, Анд қоғамдастығы, Орталық Америкадағы экономикалық интеграция жөніндегі Хатшылық, Латын Америкасы интеграция қауымдастығы, Одақтық мемлекет, Африка одағы) жасасты. Үш мемлекет ЕАЭО жанындағы байқаушы мәртебесін алды (Молдова, Куба, Өзбекстан), Одақ бес елмен (Вьетнам, Иран, Қытай, Сингапур, Сербия) әртүрлі тереңдіктегі сауда келісімдерін жасасты.

«Комиссия үкіметтерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасқан және жұмыс топтарының отырыстары үнемі өткізіліп тұратын үшінші елдермен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының қорытындыларын талдау өзара іс-қимылдың осындай форматының табыстылығын және үшінші елдердің үкіметтерімен халықаралық ынтымақтастық инфрақұрылымының негізі ретінде оны таңдаудың дұрыстығын айғақтайды», — делінген баяндамада.


ЕАЭО-ның қарымды сауда-экономикалық әріптесі — Еуропалық одақ болып қала береді. Оның үлесіне 2020 жылы сыртқы сауданың барлық көлемінің 36,8%-ы тиесілі болды. Сонымен бірге, объективті себептер бойынша ЕАЭО-ның ЕО елдерімен тауар айналымы 25,2%, 229 млрд АҚШ долларына дейін қысқарды.

ЕАЭО-ның Азиядағы аса ірі сауда-экономикалық әріптесі — Қытай болып табылады, оның ЕАЭО сыртқы сауда айналымындағы үлес салмағы — 20,2%. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО-ның осы елмен тауар айналымы 5,9%, 125,5 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді.

Баяндамада атап өтілгендей, Одақтың халықаралық ынтымақтастығының инфрақұрылымын қайта баптау қажет. Ол іскер топтар мен ЕАЭО Іскерлік кеңесін диалогқа тартуды, бірлескен жұмыс топтары форматында салалық диалогты жандандыруды, түйінді халықаралық алаңдарды белсенді пайдалануды бағамдайды.