Макроэкономикалық саясат департаменті экономиканың жеке салаларының ағымдағы және перспективалық күй-жағдайы, қабылданатын шешімдердің экономикалық қызмет пен кәсіпкерлік белсенділік жағдайларына, сондай-ақ Біртұтас экономикалық кеңістік қызмет етуінің жеке аспектілеріне әсер етуін талдау мәселелері бойынша зерттеулер жүргізеді. Олардың негізгі міндеті ынтымақтастықты тереңдету мен ықпалдасу процесстерін дамыту, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің болашақта дамуына қатысты жеке мәселелер бойынша бірыңғай тәсілдемелерді құрауға бағытталған ұсыныстарды жасап шығару болып табылады
Жағымсыз әсерлер болған жағдайда Комиссия туындаған жағымсыз экономикалық жағдайды түзеуге бағытталған шаралар бойынша, осы шаралардың басқа Тараптардың экономикаларына теріс әсерін болдырмауын ескере отырып, ұсыныстар әзірлейді.
Комиссияның аталған салаларда өз құзыреттерін тиімді іске асыруы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді болжауды дайындаудың дамыған құралдары мен модельдік аппаратының болуын, экономиканың әртүрлі институционалдық секторларының дамуын, соның ішінде құрылымдық саясаттың жоспарланып отырған шаралары мен сыртқы бақылауға көнбейтін факторлардың әсерлері жағдайында болжау, сондай-ақ туындаған жағымсыз экономикалық жағдайды түзеуге бағытталған шаралардың тиімділігін, осы шаралардың басқа Тараптардың экономикаларына теріс әсерін болдырмауды ескере отырып, бағалауды талап етеді.
Департаментте макроэкономикалық болжауға арналған модельдер каскады құрылуда. Бұл қысқа мерзімді модельдеу үлгілері (динамикалық факторлық модельдер), орта мерзімді болжау және ұзақ мерзімді болжау модельдері (құрылымдық емес VAR және құрылымдық модельдер).
Бағыт шеңберінде макроэкономикалық саясаттың ұлттық мемлекеттер мен КО және БЭК серіктес елдерінің экономикасына ықпалын бағалауға арналған модельдер әзірленуде (жалпы тепе-теңдік модельдері, GVAR).
Сондай-ақ Кеден одағының сыртқы және өзара сауда жүргізудегі сауда ағындарына тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының әсері модельденуде және зерттелуде.
"Интеграция және конвергенция" зерттеуінің бағыты