Жаңалықтар

04.12.2020

Татьяна Дубровская ЕЭК-тің Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

​Дубровская Татьяна Валерьевна 1970 жылғы 30 тамызда Минск қаласында туған. ​

Дубровская Татьяна Валерьевна 1970 жылғы 30 тамызда Минск қаласында туған.

 

1992 жылы Белорус политехникалық институтын, 2015 жылы Беларусь Республикасы кеден органдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау мемлекеттік институтын бітірген.


1992 жылдан бастап 2020 жылға дейін Беларусь Республикасы мемлекеттік билік органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеп, Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитетінің бас инспекторынан Тарифтік реттеу және кедендік төлемдер бас басқармасы бастығының орынбасарына дейінгі жолдан өтті (Минск қаласы).

2020 жылғы 30 қарашадан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.​