Еңбек жолын 2000 жылы Қырғыз Республикасының салық қызметінде бастап, онда 2013 жылға дейін әртүрлі лауазымда жұмыс істеді. 2013 жылдан 2018 жылға дейін Қырғыз Республикасы Үкіметі Аппаратының қаржы және кредиттік саясат бөлімінің сарапшысы қызметін атқарды.
2018 жылы Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік салық қызметі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, онда 2021 жылға дейін жұмыс істеді.
2022-2025 жылдары Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің сарапшысы, кейін Еуразиялық экономикалық одақ істері секторының меңгерушісі болып істеді.
Бірқатар үкіметтік және ведомстволық наградасы бар.
2025 жылғы 14 тамыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы саясаты департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.