Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 8 қазанда Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері Басшылары Кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыс барысында Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық ынтымақтастықты нығайту бойынша түйінді мәселелер талқыланды.
ТМД-мен өзара іс-қимыл-Еуразиялық экономикалық комиссияның халықаралық күн тәртібінің дәстүрлі басымдығы. Достастықтың Атқару комитетімен бірлескен іс-шаралардың екі жоспары іске асырылды, қазіргі уақытта үшінші бірлескен жоспар орындалуда.
2021 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық Одақ құқығын және Достастықтың нормативтік-құқықтық базасын ЕАЭО және ТМД шеңберінде әзірленетін нормативтік актілер жобалары арасындағы қайшылықтарды жою бөлігінде ұштастыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Монополияға қарсы саясат, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, электр энергетикасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, статистика сияқты бағыттар бойынша ТМД құрылымдарымен салалық диалог дамуда.
Еуразия кеңістігі бірегей сауда-экономикалық және көліктік-логистикалық артықшылықтарға ие. ЕАЭО мен ТМД ойыншыларының әлеуетін ұштастыру осы ынтымақтастықтың әсерін бірнеше есе күшейтуге қабілетті.