Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 18 қазандағы отырысында нақтылы клиникалық практика деректерін жинау, талдау және пайдалану бөлігінде Одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысын реттеуді дамытуға орайлас жалпы тәсілдемелерді мақұлдады.
Құжатта Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің аталған деректерді және олардың негізінде алынған дәрілерді тіркеу, фармакологиялық қадағалау және пациенттерде қолдану мақсаты үшін тиімділігі мен қауіпсіздігінің дәлелдемесін қолдануға орайлас жалпы тәсілдемелер сипатталған.
Жалпы тәсілдемелер арнайы қол жеткізу бағдарламалары шеңберінде қолданылатын жаңа дәрілерді Одақ нарығына шығаруды жеделдетуге мүмкіндік береді. Тағы бір мағыналы нәтиже — белгілі дәрілік заттарды қолдану көрсетімдерін кеңейту мүмкіндігі болады. Мұндай тәсілдемелер Одақ елдерінің денсаулық сақтау жүйелерінің жедел ден қоюына және адамның бұрын белгісіз болған жаңа ауруларын емдеуді ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.