Жаңалықтар

03.06.2021

ЕЭК және ЮНКТАД еуразиялық өңірде, оның ішінде электрондық саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ортақ тәсілдемелерін әзірлейді

COVID-19 пандемиясының теріс салдарларын еңсеру мәселелері тұтынушылардың құқықтары мен денсаулығын қорғау үшін Еуразиялық экономикалық комиссия мен Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) өңірлік диалогының тақырыбына айналды. Бұл осындай проблемаға арналған алғашқы бірлескен конференция. Өңірлік диалогқа қатысушылар ЕЭК пен ЮНКТАД-тың өзара іс-қимылы шеңберіндегі одан арғы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын белгіледі, олардың ішінде – тұтынушылардың электрондық саудадағы құқықтарын қорғаудың ортақ тәсілдемелерін әзірлеу, тұтынушылардың осал топтарын қорғау, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бар.
ЕЭК техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко пандемия кезеңінде жекелеген нарықтар мен жекелеген экономика секторларына ғана емес, сонымен бірге қоғамға, әрбір отбасына әсерін тигізген жаһандық дағдарысқа әлемнің тап болғанын атап өтті.
«Азаматтардың денсаулығын қорғау, тұтынушылар ретінде олардың әлеуметтік саулығына қолдау көрсету жөніндегі міндет экономикадағы жағдаймен тікелей байланысты және оның Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен біздің сауда-экономикалық әріптестеріміз үшін аса маңызды мәні бар», – деді ол.

Елдер пандемия жағдайында тап болған проблемалардың ауқымдылығы және ұқсастығы пандемияның жағымсыз салдарларын, оның ішінде жаһандық деңгейде еңсеру үшін елдердің іс-қимылдарын үйлестіру қажеттігін алдын ала айқындады.

ЕЭК санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Наталья Жукова дағдарыс кезеңінде ЕАЭО елдеріндегі тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен байланысты жағдай мониторнингінің нәтижелері туралы әңгімеледі.
«Пандемия жағдайларында тұтынушылар электрондық сауда, дәрілер сату, қаржылық қызметтер, мәдениет және ойын-сауық сияқты салаларда барынша дәрменсіз жағдайда болып шықты», – деп атап өтті ол.

Наталья Жукова ЕАЭО елдері үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінің Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарына енгенін еске салды. Азаматтардың жағдайын жақсарту жөніндегі маңызды шешімдер қабылданып та қойды және іске асырылуда. Олардың ішінде – электрондық сауда кезінде елдердің тұтынушыларды қорғауға арналған ортақ тәсілдемелерін айқындайтын Комиссия ұсынымдары бар. Солардың негізінде Одақ елдерінің ұлттық заңнамаларына елеулі өзгерістер енгізілді.

Бұдан басқа, балалар, қарт адамдар, мүгедектер сияқты әлсіз тұтынушыларды қорғаудың тәсілдемелері айқындалды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірлескен шараларды қабылдау үшін Одақ елдері мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылының механизмдері әзірленді, ЕАЭО мен Комиссияның осы салада ақпарат алмасуының тәртібі айқындалды. Тұтынушыларға проблемалық жағдайдың басын ашып алуға көмектесетін «навигаторға» айналған «ЕАЭО-да тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бірыңғай ақпараттық порталы іске қосылды.

ЮНКТАД тұтынушылардың құқықтарын қорғау және бәсекелестік саласындағы секторының басшысы Тереза Морейра экономикалық даму және Комиссия мен ЮНКТАД бірлескен жұмысының нәтижелілігі үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға әлемнің, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың елдерінен, ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттерден, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан, сондай-ақ халықаралық ұйымдар – ТМД Атқарушы комитетінен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан 200 астам қатысушылар қатысты.

Анықтама:
БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының үкіметаралық тұрақты органы, 1964 жылы құрылған, бүгінгі таңда 195 елді қамтиды. ЮНКТАД БҰҰ жүйесінде даму проблемалары және сауда, қаржы, технологиялар, инвестициялар және тұрақты даму сабақтас мәселелері бойынша үйлестіру орталығы болып табылады.