Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің қолдауымен Брест облыстық атқару комитетінің алаңында болып өткен Қоғамдық қабылдауға қатысушылар бәсекелесік пен мемлекеттік сатып алудың проблемалық мәселелерін талқылады. Кездесу Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермоловичтің төрағалығымен өтті.
"Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың 80 пайыздан астамы Еуразиялық нарықтарда бәсекелестіктің деңгейі жоғары деп санайды. Бәсекелес экономиканың өз артықшылықтары бар және қатал мемлекеттік реттеуді алмастырады", – деп атап өтті Максим Ермолович.
Белорус бизнесінің өкілдері сондай-ақ техникалық реттеу, ішкі нарықтарды қорғау, тауарларды таңбалау тақырыптарын және басқаларды сөз етті.
Қоғамдық қабылдау шеңберінде жеке консультациялар өткізіліп, онда ЕЭК сарапшылары бизнестің сұрақтарына тет-а-тет жауап қайтарып, оларды шешу жайын түсіндіріп берді.
Максим Ермоловичтің сөзінше, бизнес өкілдерімен ашық диалог болып өтті: "Біз Комиссияда Қоғамдық қабылдауға бәсекелестіктің бұзылуы туралы ақпараттың қандай да бір көзі деп қараймыз. Бизнесті бәсекелестік пен мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелер ғана емес, ЕЭК қызметінің басқа бағыттары да толғандырады. Біз әріптестерімізбен бірге, барлық сұраққа жауап береміз".
Іс-шараға Беларусь Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің, Брест облыстық атқару комитетінің, ЕЭК бейінді блоктарының өкілдері, Беларусь Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасының депутаттары қатысты.
Іс-шараның қорытындылары туралы барлық ақпарат бәсекелестік жөніндегі блок бетіндегі "Қоғамдық қабылдау" бөлімінде орналастырылады.