Жаңалықтар

06.12.2016

III Евразиялық экономикалық конгресс

Бет мазмұны2016 жылғы 6 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық интеграцияның практикалық аспектілерін және Еуразиялық экономикалық одақта бизнесті дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған бірегей алаң – ІІІ Еуразиялық экономикалық конгрестің отырысы өтеді. ІІІ Еуразиялық экономикалық конгрестің күн тәртібінде халықаралық шиеленістік жағдайында ЕАЭО мен ЕО елдерінің экономикалық ынтымақтастығын, бизнесті қорғау перспективаларын, қауіп-қатерлері мен тетіктерін талқылау бар. Сонымен қатар ЕАЭО дәрілік препараттары мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығын қалыптастыру, ЕАЭО-да сауданы, капитал мен сақтандыру нарығын, ІТ-индустрияны дамыту, бірыңғай Кеден кодексін, өндірісті дамыту мүмкіндіктерін, одақ елдері өңірлерінің интеграциясын талқылау тақырыптарына арналған дөңгелек үстелдер өтеді. ІІІ Еуразиялық экономикалық конгрестің арнайы іс-шараларының қатарында VIII Үндістан-Ресей бизнес-диалогы бар.   Қатысушылар: ·         Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияның негізгі бағыттары жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна ВАЛОВАЯ;·         Еуразиялық экономикалық комиссияның  Алқа мүшесі (министр) Мукай КАДЫРКУЛОВ;·         Беларусь Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Игорь ПЕТРИШЕНКО;·         Стратегиялық бастамалар агенттігінің бас директоры Андрей НИКИТИН;·         Ресейдегі Alstomкомпаниясының президенті  Филипп ПЕГОРЬЕ;·         Ресейдегі ConfindustriaRussia Италия өнеркәсіпшілері қауымдастығының президенті Эрнесто ФЕРЛЕНГИ;·         Ресей-Герман сыртқы сауда  палатасының басқарма төрағасы Маттиас ШЕПП;·         Еуропалық бизнес қауымдастығының (AEB) бас директоры, Франк ШАУФФ;Үндістан бизнес-альянсының президенті Сэмми КОТВАНИ;·         Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының (AIPM) атқарушы директоры Владимир ШИПКОВ. Іс-шара туралы толық ақпарат және егжей-тегжейленген бағдарламаресми сайтта.  Ұйымдастырушы: Еуразиялық коммуникациялық орталық Әріптестер:·          «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университеті·         Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы (AIPM)·         «Кәсіби кеден операторларының коммерциялық емес әріптестігі» қауымдастығы·         Ресей индустриялық парктер қауымдастығы·         Беларусь Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі·         «Деловая Россия» жалпыресейлік қоғамдық ұйымы·         Ресей-Қырғыз іскерлік кеңесі·         Үндістан бизнес-альянсы·         А.М. Горчаков атындағы жария дипломатияны қолдау қоры·         «Еуразияны танып білеміз» қауымдастығы  (Associazione Conoscere Eurasia)·         Ресейдегі Италия кәсіпкерлерінің қауымдастығы (GIM-Unimpresa)·         Ispromedia тобы. Аккредиттеу: Элина ЧмыхунТел: +7 495-645-6601 қосымша 7090Моб.+ 7 977-270-57-32e-mail: pressa@eurasiancenter.ru ​