Күнтізбе

29.11.2016

ЕЭК министрі Карине Минасян РӨКО алаңында тосқауылдарды жою мәселелері бойынша ресейлік бизнес өкілдерімен кездеседі

Бет мазмұны29 қарашада Ресейдің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы алаңында (РӨКО) РӨКО Интеграциялық кеңесінің Еуразиялық экономикалық комиссиямен (ЕЭК) өзара іс-қимыл жасау бойынша кеңейтілген отырысын өткізу жоспарланып отыр, оған Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян қатысады. Отырысқа РӨКО президенті Александр Шохин, РФ СӨП өкілдері, «Деловая Россия» ЖШҚ, «Опора России» ЖШҚ, және ресейдің басқа да бизнес-бірлестіктерінің өкілдері қатысады. Ресей бизнесі өкілдерінің алдында туындап отыратын Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою, сондай-ақ  олардың кедергілерді анықтауға қатыстырылуы жөніндегі ЕЭК жұмысы туралы мәселелерді талқылау жоспарланып отыр. Отырыс Котельническая набережнаяда орналасқан РӨКО ғимаратында өтеді.