тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Комиссия
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6583
30 майдың 2025
ЕЭК-те ЕАЭО-дағы кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды
30 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдовтың төрағалық етуімен кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының отырысы болып өтті. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы контейнерлердің оңайлатылған өткізілуіне қатысты түзетулер талқыланды. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолданудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ балық аулау және балық өнімдері туралы мәліметтермен алмасу мәселелері қаралды. Жұмыс тобының қатысушылары неғұрлым тұйықты мәселелер бойынша талқылауды жалғастыра түсуге уағдаласты. Жұмыс тобының келесі отырысын осы жылғы мамыр айында көзбе-көз форматта өткізу жоспарланған.
30 майдың 2025
Максим Ермолович: "Бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулері әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатты тұжырымдауға көмектеседі"
Еуразиялық экономикалық комиссия Мысырдың бәсекелестік ведомствосының қолдауымен Каирде бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдар өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізді. Оған ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович қатысты. ЕЭК бейіндік блогының бастамасы бойынша дәстүрге айналған мұндай іс-шаралар халықаралық өңірлік ұйымдарға өзекті мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық жасауға, жұмыс тәжірибесімен алмасуға көмектеседі. Бәсекелестікті тиімді реттеу практикасы осы бесінші кездесуге қатысушылардың басты назарында болды. "Біз өңірлік ынтымақтастықтың артықшылықтарын ілгерілетеміз, өңіраралық диалогты нығайтамыз және кеңейтеміз, озық бәсекелестік практиканы әр өңірдің қажеттіліктеріне бейімдейміз, жаңа идеялар қалыптастырамыз, бұл сайып келгенде әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатқа алып келеді", – деп санайды Максим Ермолович. ЕЭК бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулерін өткізуді жалғастыратын болады. Бесінші кездесуге Мысыр бәсекелестік ведомствосының төрағасы, ЮНКТАД, Шығыс және Оңтүстік Африканың Ортақ нарығы, Шығыс Африка қоғамдастығы, Батыс Африка экономикалық және валюта одағы, Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қоғамдастығы, Араб бәсекелестік желісі, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы, БРИКС және Кариб қоғамдастығы өкілдері қатысты.
22 майдың 2025
Андрей Слепнев Самад Хассанзадемен ЕАЭО елдері мен Иран кәсіпкерлерінің өзара іс қимылын талқылады
ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Иранның сауда, өнеркәсіп, шахталар және ауыл шаруашылығы палатасының президенті Самад Хассанзадемен кездесті. Тараптар 2025 жылғы 15 мамырда күшіне енген еркін сауда туралы толық форматты келісімді енгізу бойынша ЕАЭО мен Иранның іскер топтарының өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады. Андрей Слепнев ирандық әріптестеріне ЕАЭО мен Иран бизнесі арасындағы тікелей ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шараларды және тараптардың саудасын реттеу ерекшеліктерін түсіндіру үшін тақырыптық семинарларды қамтитын келісімді іске асыру жөніндегі жол картасын дайындау туралы хабарлады. «Жаңа келісім ЕАЭО мен Иранның іскер топтары үшін бір-бірінің нарықтарына қол жеткізудің бірегей талаптарын бекітеді, өзара іс-қимылды ретке келтіру, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті міндеттерін шешу және елдерімізде заңнаманың ерекшеліктері мен оны қолдану практикасын түсінуді жақындастыру бойынша ыңғайлы тетіктер мен алаңдар жасайды», — деді Андрей Слепнев. ЕЭК министрі Иранның бизнес өкілдерін 26-27 маусымда Минскіде өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысуға шақырды. «Біз Иранмен ынтымақтастықтың жаңа кезеңін серіктестік ретінде қарастырудамыз. Біздің кәсіпкерлер өздерінің әлеуеті мен технологияларын арттыру және 250 миллион адамнан тұратын бірлескен нарықта бірлесіп жұмыс істеу үшін бір-бірін бәсекелес ретінде емес, серіктес ретінде қабылдауы маңызды», — деп атап өтті Андрей Слепнев.
22 майдың 2025
Бақытжан Сағынтаев Жапонияның Ресейдегі елшісі Муто Акирамен келіссөздер жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 22 мамырда ЕЭК-тің штаб-пәтерінде Жапонияның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Муто Акирамен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен Жапония арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
21 майдың 2025
ЕАЭО елдері өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы интеграция деңгейін арттырады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Ани Обосян Дүниежүзілік метрология күніне арналған "Шекарасыз метрология" халықаралық метрологиялық форумы мен көрмесіне қатысты. Форумдағы сөз сөйлеуі барысында Ани Обосян қатысушыларды Дүниежүзілік метрология күнімен және 1875 жылғы Метрикалық конвенцияға қол қойылғанына және халықаралық өлшемдер мен таразылар бюросының құрылғанына 150 жыл толуымен құттықтады. Ол өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Комиссия қызметінің қазіргі кезеңін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграция деңгейін арттырудың жаңа сатысы деп атауға болатынын атап өтті. "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясына енгізілген қызмет нәтижелері өлшемдердің дәлдігі мен дұрыстығына байланысты интеграциялық бағыттарды қолдаудың қажетті деңгейін өлшемдерді метрологиялық қамтамасыз етудің бірыңғай қағидаттарын енгізу жолымен қамтамасыз ету көзделген", — деп атап көрсетті Ани Обосян.
21 майдың 2025
Комиссия ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарымен және бизнесімен бірге Сербиямен сауданы жандандыруды талқылады
21 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақ елдері мемлекеттік билік органдарының және бизнесінің қатысуымен салалық ынтымақтастықты дамытуға, Сербиямен өзара саудадағы тосқауылдарды анықтап, жоюға арналған семинар болып өтті. Іс-шара Бір жағынан ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер және екінші жағынан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім шеңберінде өзара іс-қимылды жандандыруға бағытталған. Семинардың міндеті — Сербия Республикасының нарығына тауарларды жеткізу кезінде экономиканың әртүрлі саласының экспорттаушылары тап болатын сауда тосқауылдарын, сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін және саудадағы шектеулерді жою жолдарын анықтау болды. "Бүгінгі іс-шарада айтылған ұсыныстар Сербия Республикасымен Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен комитеттің жоспарланып отырған отырысы шеңберінде ықтимал талқылау үшін мүше мемлекеттермен бірлесіп ізеуіртті пысықталатын болады", — деп атап өтті Андрей Слепнев. Осыған байланысты ЕЭК министрі таяудағы серб тарапымен ойдағыдай өткен консультацияларды еске салды, бұлардың нәтижесінде ЕАЭО-дан өсімдік майлары мен маргарин импортына қатысты екі жыл бойы қолданыста болған сандық шектеулер 2025 жылғы 3 наурыздан бастап алып тасталды. Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші жағынан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге 2019 жылғы 25 қазанда қол қойылды және ол 2021 жылғы 10 шілдеде күшіне енді. Келісімде тауар номенклатурасының 93%-ы бойынша кедендік әкелу баждарының өзара күшін жою көзделген.
20 майдың 2025
ЕАЭО елдері уәкілетті органдарының және электрондық автопаспорттарды ресімдейтін көлік құралдарын дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімінен шығарып тастау негіздері толықтырылды
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін), өздігінен жүретін машиналарды және электрондық автопаспорттарды ресімдеуді жүзеге асыратын техниканың басқа да түрлерін дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекіту туралы 2015 жылғы 1 қыркүйектегі шешімге өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, ұлттық органның уәкілетті органның, дайындаушы ұйымның бірыңғай тізілімінен оның өтініші негізінде, сондай-ақ Электрондық автопаспорттар жүйелерінің және (немесе) тиісті ЕАЭО мемлекетінің заңнамасының жұмыс істеу тәртібін бұзушылықтар анықталған жағдайда шығарып тастау мүмкіндігі белгіленген. Бұдан басқа, уәкілетті органды немесе дайындаушы ұйымды бірыңғай тізілімге қайта қосу мүмкіндігінің мерзімі ерте дегенде сол шығарып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап алты ай болып айқындалды. "Ұлттық органның уәкілетті органның, дайындаушы ұйымның бірыңғай тізілімінен оның өтініші негізінде шығарып тастау мүмкіндігін белгілеу қажеттігі белгіленген тәртіпті қолдану тәжірибесінен туындады. Бұл ретте сол шығарып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап ерте дегенде жарты жылдан соң бірыңғай тізілімге қайта енгізу мүмкіндігінің мерзімін қосымша белгілеу уәкілетті органдардың немесе дайындаушы ұйымдардың мәліметтерді қасақана бұрмалау фактілерін болдырмауға бағытталған", — деп атап көрсетті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий. Уәкілетті органды немесе дайындаушы ұйымды бірыңғай тізілімнен шығарып тастау (шығарып тастаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау мерзімін ұлттық орган 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдайды.
20 майдың 2025
ЕЭК май-тоңмай өніміне арналған техникалық регламентке орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының "Май-тоңмай өніміне арналған техникалық регламент" техникалық регламентіне (КО ТР 024/2011) орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістерді бекітті. Тізбе екі: МемСТ 35012-2023 "Тазартылмаған зығыр майы. Техникалық шарттар" және МемСТ 35013-2023 Мақсары майы. Техникалық шарттар" мемлекетаралық стандартымен толықтырылды – бұлар аталған техникалық регламентке мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде әзірленген. Өзгерістерді Комиссия халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібінің тиісті ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі уәкілетті органдарының ұсыныстары негізінде дайындады. Стандарттар тізбесіне енгізілген өзгерістер ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Тағы да көрсету