тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Комиссия
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6649
19 маусымның 2025
Гоар Барсегян: "Өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру – экономикалық интеграцияны тереңдетудің маңызды қадамы"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян бұл туралы Петербург халықаралық экономикалық форумында өткен "Ресей-Қазақстан диалогы. Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері" бизнес-диалогы барысында мәлімдеді. ЕЭК министрі экономиканың нақты секторының Ресей мен Қазақстан арасындағы ғана емес, тұтастай Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. "Бизнестің бастамасы бойынша ЕАЭО-да өнеркәсіптік кооперацияны қаржылай қолдаудың жаңа механизмі құрылды. Комиссия 2024 жылғы шілде айынан бастап іске қосқан бұл құрал экономикалық интеграцияны тереңдетуде, кәсіпкерлердің практикалық өзара іс-қимылын дамытуда маңызды қадам болды", — деп мәлімдеді Гоар Барсегян. ЕЭК министрі атап көрсеткендей, механизм Одақ елдерінің түйінді ставкасының 100%-ы деңгейінде кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялауды, сондай-ақ кооперацияны күшейтетін, тәжірибе ауысуға және технологиялық өсуге ықпал ететін ЕАЭО-ның үш және одан да көп мемлекетінің кәсіпорындарының қатысуын көздейді. Оның сөзінше, Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп шығаруды қоса, алғашқы екі жобаны қаржыландыру мақұлданды. Бұл жобаны іске асыру Ресей және Беларусь кәсіпорындардың қатысуымен астық жинайтын комбайндар өндірісін қамтамасыз етеді. ЕЭК министрі ЕАЭО елдері үкіметтері басшыларының оң тәжірибені ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешенге арналған кооперациялық жобаларды қолдау механизмін кеңейту жөніндегі бастаманы мақұлдағанын хабарлады. "Экономикалық әлеуеттер мен ұлттық құзыреттерді біріктіре отырып, біз экономикалық өсудің, орнықты технологиялық дамудың сенімді базасына айналатын интеграциялық кеңістік құра аламыз", – деп түйіндеді Гоар Барсегян. 2024 жылы ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,5% өсті. ЕАЭО елдерінің Қазақстанмен жалпы тауар айналымының шамамен 80%-ы өңдеу өнеркәсібінің өніміне тиесілі.
19 маусымның 2025
ЕЭК пен Мьянма арасында бәселестік саласындағы өзара іс-қимыл мен тәжірибе ауысу мәселелері талқыланды
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Армине Акопян Комиссия мен Мьянма Одағы Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмыс тобының отырысында ЕЭК-тің бәсекелестік саласындағы қызметін таныстырды. Отырыс Петербург экономикалық форумы шеңберінде өтті. Мьянма тарапы 2017 жылы Мьянманың "Бәсекелестік туралы" заңы күшіне енгеннен кейін елде Бәсекелестік жөніндегі комиссия құрылғанын, ол осы уақытқа дейін айтарлықтай тәжірибе жинап, мемлекеттік органдар жүйесінде лайықты орын алып отырғанын хабарлады. Мьянма ЕАЭО мемлекеттерінің ұқсас ведомстволарымен және ЕЭК бәсекелестік жөніндегі блогымен ынтымақтастыққа мүдделі. "Мьянманың Бәсекелестік жөніндегі комиссиясының құрамына әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері кіреді. Бұл біз үшін бәсекелестік органның құрылымын қалыптастырудың қызықты, әдеттен тыс тәсілдемесі. Сөз жоқ, оның жұмысымен танысу бізге пайдалы", – деп атап өтті Армине Акопян. Отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық комиссия мен Мьянма Одағы Республикасының Үкіметі арасындағы бұрын жасалған Меморандумға сәйкес экономиканың басқа да түйінді салаларындағы өзара іс-қимылдың ұйымдастырушылық мәселелерін, сондай-ақ ынтымақтастықты қарады.
19 маусымның 2025
Комиссия ҚХР Коммерция министрлігімен ішкі нарықты қорғау шаралары мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің директоры Андрей Захаров ЕЭК пен ҚХР Коммерция министрлігі арасында демпингке қарсы, өтемақы және арнайы қорғау шараларын қолдану саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Қытай Халық Республикасы Коммерция министрлігінің Қорғау шаралары және тергеп-тексеру бюросының басшысы Тао Пэнмен кездесу өткізді. Іс-шараға қатысушылар әлемдік сауданың өзгермелі жағдайында ішкі нарықты қорғау шараларының рөлін талқылады. Кездесу барысында туындаған мәселелерді сындарлы талқылау үшін тергеп-тексеру жүргізетін органдар деңгейінде де, бизнес деңгейінде де екіжақты байланысудың айрықша рөлі атап өтілді. "Комиссия ҚХР Коммерция министрлігімен транспаренттілік пен өзара мүдделерді есепке алу қағидаттарына негізделген ішкі нарықты қорғау шаралары мәселелері бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Ішкі нарықты қорғау департаменті ҚХР Коммерция министрлігінің Қорғау шаралары және тергеп-тексеру бюросымен диалогты одан әрі дамыту үшін ашық күйінде қала береді",– деп атап өтті Андрей Захаров. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Меморандум шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен ҚХР арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Бірлескен комиссия алаңында жұмыс істеу туралы уағдаласты.
19 маусымның 2025
Эльдар Алишеров: "Біздің диалогымыз ЕАЭО елдері мен Мьянманың тауар айналымын одан әрі өсіруге жәрдемдесуге арналған"
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Мьянма Одағы Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмыс тобының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Мьянма арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басымдықтары талқыланды. Кездесу Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Эльдар Алишеров пен Мьянманың Инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Кан Зоның тең төрағалығымен өтті. Отырысқа қатысушылар сауда, ауыл шаруашылығы, бәсекелестік саясат саласындағы ынтымақтастық, бизнес-топтардың өзара іс-қимылы мәселелерін қарастырды. "ЕАЭО шеңберінде әзірленіп жатқан реттеушіліктің түрлі аспектісі бойынша біздің диалогымыз Еуразиялық" бестік" елдері мен Мьянманың сауда-экономикалық байланыстарын дамытуға, 2019 жылдан бері үш еседен астам ұлғайған тауар айналымының одан әрі өсуіне жәрдемдесуге арналған", – деді Эльдар Алишеров. Осы кезеңдегі Комиссия мен Мьянма Үкіметі ынтымақтастығының ЕЭК министрі белгілеп көрсеткен түйінді міндеттерінің қатарында бір-бірінің сауда-экономикалық мүмкіндіктері туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ экономикалық қатынастардағы жұмыс тобы шеңберінде талқылану талап етілетін "осал" жерлерді сәйкестендіру бар. Оның сөзінше, тараптар ынтымақтастығының жоғары әлеуеті "Комиссияның тұтастай АСЕАН өңіріндегі белсенді диалогымен, сондай-ақ Мьянма шын мәнінде АСЕАН-да ЕАЭО-мен арадағы "көпір", Оңтүстік Шығыс Азияның ірі экономикасының сауда "қиылысы" болып табылатындығымен айқындалады". Өз кезегінде Кан Зо Одақтың барлық елімен экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін ЕЭК-пен диалогтың үлкен маңызы бар екенін атап көрсетті. Осыған байланысты ол бірқатар перспективалы бағытты бөліп көрсетті, олар: цифрландыру, электрондық сауда, ауыл шаруашылығы саласында технологиялармен алмасу, Мьянманың айрықша экономикалық аймақтары шеңберіндегі өзара іс-қимыл. Отырыста Мьянманың Сауда министрі Оун, Мьянманың Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және ирригация министрі Мин Наун және осы елдің Сауда-өнеркәсіп палаталары одағының төрағасы Ай Вин сөз сөйледі. Тараптар ЕАЭО мемлекеттері мен Мьянманың кәсіпкерлерін ЕАЭО Іскерлік кеңесі мен Мьянманың тиісті бизнес-қауымдастығы арасында ресми диалог орнатуды қоса, неғұрлым тығыз ынтымақтастыққа шақырды. Бірлескен жұмыс тобының кезекті отырысы 2026 жылы өтеді. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Мьянма Одағы Республикасының Үкіметі арасындағы Өзара іс-қимыл туралы меморандумға 2023 жылы қол қойылды.
18 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО елдері вице-премьерлерінің кеңесіне қатысты
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 18 маусымда ЕЭК Кеңесінің мүшелері, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері вице-премьерлерінің кеңесіне қатысты. Іс-шараға қатысушылар Еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті бағыттарын, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Кеңесте 26-27 маусымда Минскіде өтетін Одақ елдері көшбасшыларының саммитіне және IV Еуразиялық экономикалық форумға дайындық барысы қаралды.
18 маусымның 2025
ЕАЭО-ның сыртқы шекарасындағы көліктік бақылау шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимыл іске қосылды
Беларусь пен Ресей технологиялық өзара іс-қимылды ретке келтіруді аяқтады және № 46 "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету" жалпы процесі бойынша ұлттық сегменттерді пысықтады. Бұл оларға толық форматты ақпарат алмасуды бастауға мүмкіндік берді. № 46 жалпы процесс Одақтың сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылады. Оны ендіру ЕАЭО-ға жүк көлігінің кіруі кезінде ұлттық уәкілетті органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиімділігін арттыруға арналған. Процесті іске қосуға дайындық барысында Беларусь пен Ресейдің уәкілетті органдары көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижелері туралы шоғырландырылған ақпаратты қамтитын 800-ден астам транзакцияны жүзеге асырды. Басталған ақпарат алмасуға 2025 жылдың соңына дейін Қазақстан мен Қырғызстан қосылуды жоспарлап отыр. ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев: "№ 46 жалпы процесті толық мәнінде іске асыру уәкілетті органдарға алымдарды, айыппұлдарды төлеу және бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты қоса, мүше мемлекеттердің аумағы бойынша көлікті өткізу барысында Одақтың сыртқы шекарасында көліктік бақылау жүргізу нәтижелеріне жедел қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл қорытындысында тасымалдау процесінің сапасы мен қауіпсіздігіне оң әсер етеді", — деп атап көрсетті. Армения ЕАЭО туралы шартқа тиісті өзгерістер енгізілуіне байланысты № 46 жалпы процесті іске асыруға қатыспайды.
18 маусымның 2025
ЕЭК мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне, қапталған ауыз суға, тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштерге арналған техникалық регламенттерге стандарттардың тізбелеріне өзгерістер енгізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы "Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, соның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 027/2012), "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігі талаптары" (КО ТР 029/2012) және "Табиғи минералды суды қоса, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 044/2017) техникалық регламенттерге стандарттардың тізбелерін өзектілендірді. Тізбелерге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер көрсетілген регламенттерге арналған бағдарламаларға сәйкес әзірлеген мемлекетаралық стандарттар кірді. Атап айтқанда, КО ТР 027/2012 зерттеу әдістеріне арналған стандарттар тізбесіне алты мемлекетаралық стандарт енгізілді және алтауы (өзектілігін жоғалтқандары) алынып тасталды. Ерікті қолдану стандарттарының тізбесі және КО ТР 029/2012 зерттеу әдістеріне арналған стандарттардың тізбесі үш жаңа құжатпен толықтырылды, біреуі алынып тасталды. ЕАЭО ТР 044/2017 зерттеу әдістеріне арналған стандарттар тізбесіне бір стандарт қосылды, екі құжат алынып тасталды, ал тағы бір стандарттың қолданылу мерзімі шектелді. Стандарттар тізбесін әзірлеу тәртібіне сәйкес мұндай өзгерістерді енгізу Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінің осындай стандарттарға қосылуы жағдайымен стандарттау жөніндегі уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде жария талқылау рәсімдері жүргізілмей және бейінді Консультативтік комитеттің отырысында қаралмай жүзеге асырылады. ЕЭК Алқасы қабылдаған түзетулер Комиссияның тиісті шешімдері ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
17 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев: "ЕАЭО-ның басымдығы өзара пайдалы сыртқы экономикалық байланысты дамыту болып табылады"
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 17 маусымда ЕЭК штаб-пәтерінде Еуропалық бизнес қауымдастығының (ЕБҚ) бас директоры Тадзио Шиллингпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында қазіргі уақытта Комиссия мен Еуропалық 380-ден астам компанияны біріктіретін ЕБҚ-ның өзара іс-қимылының перспективалары талқыланды. "Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мемлекеттерімен бірлесіп бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін жұмыс істеуде. Біз ЕБҚ-ны іскер топтармен тиімді іс-қимыл жасау үшін сенімді әріптес ретінде қарастырамыз", — деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев. ЕЭК Алқасының басшысы ЕАЭО қызметінің басымдықтарының бірі сыртқы экономикалық байланысты дамыту болып табылатынын атап өтті. Комиссия халықаралық ынтымақтастық географиясын дәйекті түрде кеңейтуді мақсат тұтады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Еуразиялық кеңістіктегі кәсіпкерлер диалогын одан әрі дамытуға деген өзара мүдделілікті растады. Бақытжан Сағынтаев Тадзио Шиллингті Еуропалық бизнес қауымдастығының 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, Еуразиялық экономикалық форум аясында толымды да нәтижелі жұмыс істелуіне тілектестігін білдірді.
Тағы да көрсету