Жаңалықтар

16.09.2022 (Обновлено: 26.09.2022 09:16)

ЕАЭО-да тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар жарияланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар туралы баяндама жарияланды.

Бұдан бұрын баяндаманы ЕЭК Алқасы мақұлдады. ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев отырыста атап көрсеткендей, Одақтың ортақ биржалық тауар нарығын қалыптастыру 2025-Стратегиясында көзделген.

"Тауарлардың ортақ биржалық нарығын құрудың басты мақсаттары биржалық тауарларға объективті нарықтық бағаларды қалыптастыру, Одақтағы сауда көлемінің өсуі, ұлттық валюталардағы есеп айырысу үлесінің артуы, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы делдалдық деңгейінің көтерілуі және ЕАЭО тауарларына әлемдік нарықта әділ баға белгілеу болып табылады", - деді Сергей Глазьев.

Баяндама тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыру схемалары, ортақ нарықта өткізу үшін тауарлар мен туынды қаржылық құралдардың тізбесін айқындау, биржалық және биржадан тыс баға индикаторларын есептеу жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ Еуропалық одақтың тәжірибесін қамтиды.

"Одақтың ортақ биржалық нарығында сатылатын биржалық тауарларға: көмір, минералдық тыңайтқыштар, өсімдік майы, қант, шроттар, күнжара, қара металл, құрылыс материалдары, цемент, алтын, электр энергиясы, газ, мұнай, мұнай өнімдері, астық жатқызылуы мүмкін", - деп атап өтілген материалда.

Баяндаманың тұжырымдары мен ұсыныстары ЕАЭО шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастырудың 2023 жылы бекіту жоспарланып отырған тұжырымдамасын әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Бұдан бұрын Белорус әмбебап тауар биржасында рапс майының тестілік сауда-саттығы болып өтті, оған ЕАЭО елдерінің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен биржалары қатысты. Бизнес өкілдері ұйымдастыруды жоғары бағалады және нақтылы сауда-саттыққа қатысуға мүдделілік білдірді.