Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және өндіруші ұйымдарының Одақтың техрегламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжат болмаған кезде өздігінен жүретін машиналардың жекелеген түрлеріне және техниканың басқа да түрлеріне арналған электрондық паспорттарды ресімдеу, сондай-ақ осы техниканы дайындаушылардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлімдеріне енгізу мүмкіндігін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартты.
Бұрынғы шешімге сәйкес мұндай мүмкіндік тек осы жылдың соңына дейін сақталды.
Тиісті өзгертулер Беларусь Республикасының ұсынымы бойынша ЕЭК Алқасының «Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін), өздігінен жүретін машиналарды және көлік құралдарының (көлік құралдарының шассиі), өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын басқа да техника түрлерін дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімін жасау және жүргізу тәртібін бекіту туралы» 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 112 және «Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) жүйелерінің және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарының қолданылу тәртібін бекіту туралы» 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімдеріне енгізілді, оны Одақтың басқа елдері де қолдады.
«Сәйкестікті бағалау туралы құжатсыз электрондық паспорттарды ресімдеу және дайындаушылардың бірыңғай тізіліміне енгізу мүмкіндігі өздігінен жүретін жерүсті әуеайлақ машиналарына, өздігінен жүретін орман мульчерлеріне, ратрактарға, жол талғамайтын ауыр жүк көліктеріне қолданылады. Мұндай техникаға Одақта қолданылатын міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ресімдеу көзделмеген», — деп атап өтті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий.
ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді және қаралатын нормаларды қолданудағы алшақтықты болғызбау мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.