Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО TP 045/2017) және "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО TP 046/2018) техникалық регламенттерінің өтпелі ережелерінің 2024 жылы аяқталатын қолданылу мерзімі ұзартылды.
Мұнайға арналған техникалық регламенттің өтпелі ережелерінің қолданылу мерзімі 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды.
Табиғи газға арналған техникалық регламенттің өтпелі ережелерінің қолданылу мерзімі Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт күшіне енген күнге дейін, бірақ 2030 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмейді деп айқындалды.
Бұл өзгерістер Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының ұсыныстары бойынша тиісінше Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 6 наурыздағы № 36 және 2019 жылғы 19 наурыздағы № 39 шешімдеріне енгізілді.