ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикасының тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесін іске асыру аясында ЕЭК Кеңесі 17 қазанда тез бүлінетін тауарлар санаттарының тізімін бекітті, оларға кедендік операциялар бірінші кезектегі тәртіппен жасалатын болады.
Тізбе ЕАЭО елдері үшін кедендік шекарадан басымдықпен өтуді, тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін, сондай-ақ қысқа сақтау мерзімдеріне, осы жүктердің ерекше сипатына байланысты кеденде кез келген кідіртулерге болмайтын тауарлардың неғұрлым маңызды санаттарын біріктірді. Мұндай тауарларға тамақ өнімдері (ет, балық, сүт өнімдері, көкөністер, жемістер) және басқа да бірқатар тауарлар жатады.
ЕАЭО-ның сауда бойынша әріптес елдерінен тауарлардың импортына бағдарлану, тауарларды ЕАЭО нарығына жылжытудың көліктік-логистикалық схемаларының өзгеруі ЕАЭО кедендік шекарасының кез келген учаскесі арқылы барынша жылдам өтетін тез бүлінуге ұшырайтын барлық тауарлар үшін бірыңғай тізбенің болуын талап етті.
Осы тізбеге енгізілген тауарларға қатысты бірінші кезекті тәртіп 2023 жылдың соңына дейін қолданылатын болады. Осы кезеңде оның уақытылы өзектендірілуін қамтамасыз ету үшін тізбені қолдану бойынша мониторинг тұрақты негізде жүргізілетін болады.
Кедендік операциялар бірінші кезектегі тәртіппен жасалатын тауарлар санаттарының бірыңғай диапазонын айқындау есебінен бизнесті қолдауға баса назар аудара отырып, дағдарысқа қарсы пакетті орындау – ЕАЭО елдерінің сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әкелінетін тауарлар мен бизнес-қоғамдастықтың шығындарын коммерциялық тауар айналымына тарту мерзімдерін қысқартуға, сонымен қатар ағымдағы экономикалық жағдайға байланысты кедендік рәсімдерді жеңілдетуге ықпал етеді.
Анықтама
ЕАЭО Кеден кодексінің 81-бабында көзделген кедендік операцияларды жасаудың бірінші кезектегі тәртібін қолдану үшін тез бүлінетін тауарлар санаттарының тізбесін Комиссия айқындайды, ал ол айқындалғанға дейін мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген (ЕАЭО КК 81-бабының 3-тармағы).