Жаңалықтар

11.02.2025

Медициналық бұйымдардың ЕАЭО-дағы олардың қауіпсіздігі мен тиімділігінің жалпы талаптарына сәйкестігін сақтау үшін стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 11 ақпандағы отырысында стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізді, соның нәтижесінде медициналық бұйымдардың Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ерікті негізде медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен тиімділігінің жалпы талаптарына, оларды таңбалауға және олардың пайдалану құжаттамасына қойылатын талаптарға сәйкестігін толық немесе ішінара сақтау қамтамасыз етіледі.

Өзгерістер бұрын тізбеге енгізілген үш стандарттың 2022-2023 жылдары қабылданған жаңа нұсқалары туралы деректерді енгізуді көздейді.

Бұлар МемСТ Р ИСО 14155-2022 "Адамның субъект ретінде қатысуымен жүргізілетін медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер. Тиісті клиникалық практика", МемСТ Р ИСО 15223-1-2023 "Медициналық бұйымдар. Дайындаушы ұсынған ақпаратты беру үшін қолданылатын рәміздер. 1-бөлім. Негізгі талаптар" және МемСТ Р МЭК 62366-1-2023 "Медициналық бұйымдар. 1-бөлім. Пайдалану жарамдылығын ескере отырып, медициналық бұйымдарды жобалау".