Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 21 маусымда Брестте Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кабель-өткізгіштер өнімін өндіру саласындағы кооперациялық ынтымақтастығын дамыту туралы ұсынымды қабылдады. ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян атап өткендей, Комиссия кабель-өткізгіштер өнімін өндірумен айналысатын ЕАЭО елдері өнеркәсіпшілерінің позицияларын күшейту үшін бірқатар іс-әрекеттер қабылдады.
«Ол үшін біз уәкілетті органдардың өкілдерімен, бизнес-қоғамдастықпен және тараптардың бейіндік қауымдастықтарымен өзара іс-қимыл жасаймыз, – деп түсіндірді Артак Камалян. – Сараптау тобы қалыптастырылды және ол жұмыс жүргізуде, онда біз барынша өткір мәселелерді талқылаймыз. Солардың бірі – өзара іс-қимылдың жаңа механизмдерін және сенімді және өзекті ақпарат алу мүмкіндіктерін іздестіру арқылы біздің елдеріміздің өндірістік бірлестіктерінің арасындағы кооперацияны күшейту».
ЕЭК өнеркәсіптік блогы әзірлеген ұсынымның ережелері Одақ мемлекеттерінің экономикаларын жаңғыртудың басым бағыттарын ескере отырып, инновациялық және жоғары технологиялы өнімді бірлесіп өндіру үшін ЕАЭО елдерінің кабель-өткізгіштер саласы кәсіпорындарының ынтымақтастығын дамытуға бағытталған. Құжатта шикізат пен түпкі өнімді өндірушілердің өзара іс-қимылын күшейту, сондай-ақ ЕАЭО-да өндірілетін кабель-өткізгіштер өніміндегі шетелдік құрауыштар мен шикізаттың үлесін қысқарту қажеттігі көрсетіледі.
Кооперациялық қызметке қатысуға дайын ЕАЭО елдерінің кабель-өткізгіштер өнімін өндірушілердің Бірыңғай ақпараттық тізбесін қалыптастыру да жоспарлануда. Тізбе ақпараттық ресурсқа және ЕАЭО нарығының барлық ойыншылары арасында жаңа экономикалық байланыстар қалыптастыруға арналған құралға айналуға тиіс.
«Тиімді кооперациялық жобаларды іздестіруде нарық қатысушыларына көмектескен маңызды. Әсіресе оптикалық-талшықты кабельді ұлттық өндірушілердің позицияларын нығайтуға жәрдемдескен маңызды», – деп атап өтті Артак Камялян.