Жаңалықтар

19.09.2022 (Обновлено: 26.09.2022 16:24)

ЕАЭО табиғи монополиялар саласындағы интеграцияны тереңдету жөніндегі құжаттарды дайындауды жалғастырады

ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтың төрағалық етуімен 16 қыркүйекте өткен Комиссияның бейінді консультативтік комитетінің 25-отырысында табиғи монополиялар саласындағы жол картасының екінші кезеңінің іс-шараларын іске асырудың аралық қорытындылары шығарылды.
Комитет Комиссия Алқасының «ЕАЭО елдерінің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ортақ қағидаларын қолдану туралы» ұсынымының жобасымен жұмыстың барысын, сондай-ақ «бестік» елдерінің үндестіруге және жақындастыруға жататын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне ұсыныстардың жобасын қарады. Отырысқа қатысушылар әзірленіп жатқан жобалардың маңыздылығын атап өтті, өйткені бұлар кейіннен Одақ елдерінің заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге тікелей байланысты.

Отырыс барысында сондай-ақ 2022 жыл ішінде табиғи монополиялар саласында атқарылған жұмыс туралы баяндама (ақпарат) құрылымы бекітілді. Ол кейінірек Одақ органдарына ұсынылады. Құжат мемлекет басшыларына 2023 жылғы мамырда таныстырылады деп жоспарлануда.

Еске сала өтсек, ЕАЭО туралы шарттың ережелері ЕАЭО елдері арасындағы саудаға ықпалын тигізетін табиғи монополиялардың көрсететін қызметтеріне қолданылады. Бұл – мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жөнінде, электр энергиясын беру жөнінде көрсетілетін, магистралды теміржол желілері, теміржол тасымалдары, әуежайлар мен порттар, аэронавигация және т.б. көрсететін қызметтер.


Анықтама

Табиғи монополиялар саласында ЕАЭО мемлекеттерінің заңнамасын үндестіруді жүргізудің дәйектілігін айқындау жөніндегі жол картасын ЕЭК Кеңесі 2017 жылғы желтоқсанда бекітті және ол үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңінде (2019-2020 жылдары) Одаққа қатысушы елдердің заңнамалық актілеріне кешенді зерттеу жүргізілді.

Жол картасының екінші кезеңінде төрт құжат әзірлеу көзделген, олардың екеуін Комиссия Алқасы ағымдағы жылы қабылдады:

- «Табиғи монополиялар саласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіруді бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы» ұсыным (Комиссия Алқасы қабылдады – 22.03.2022 № 9),

- «Көрсетілетін қызметтерді табиғи монополиялар саласына жатқызудың негізгі критерийлері мен жағдайлары туралы» ұсыным – (Комиссия Алқасы қабылдады – 19.04.2022 № 15).

Қорытынды кезеңінде Одақ мемлекеттерінің заңнамасын үндестіру жөніндегі іс-шаралар және Комиссияның Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің тапсырмасын орындау мониторингі іске асырылады.