Жаңалықтар

18.06.2024

ЕЭК ас тұзын тұтынушыларға сауалнама жүргізеді

Еуразиялық экономикалық комиссияға бәсекелестіктің жалпы ережелерінің бұзылғаны туралы өтінішпен ас тұзын өндіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірі жүгінді.

Өтінішті қарау аясында ЕЭК монополияға қарсы реттеу департаменті Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне сәйкес ас тұзының тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне бағалау жүргізеді.

Тауар қаптамаларының ұқсастығының болуына (болмауына) қатысты тұтынушылардың пікірін айқындау мақсатында Департамент тұтынушыларға сауалнама жүргізеді.

Сауалнамаларда бір немесе бірнеше жауап нұсқаларын таңдауды қамтитын сұрақтар, сондай-ақ олардың жауап нұсқалары көрсетілген ашық сұрақтар берілген. Нәтижелер автоматты түрде ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаментіне электрондық пошта арқылы жіберіледі. Сауалнама анонимді түрде жүргізіледі.

Сауалнаманы мына жерден толтыруға болады.