Бет мазмұны14 сәуірде сағат
10:00-де Ереванда (Армения Республикасы) Еуразиялық экономикалық комиссия
Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің монополияға қарсы реттеу
органдарының басшылары және Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік
және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Нұрлан
Алдабергенов деңгейінде кеңес өткізеді.
Кеңесте заңнаманы
біріздендіру (үндестіру) мәселелері, ЕАЭО мемлекеттерінің халықаралық ұялы
байланыс саласында, ЕАЭО трансшекаралық нарықтарында дистрибьюторлық және
дилерлік келісімдер жасасу кезінде
бәсекелестікке қарсы практикаларда тосқауылдарды жою талқыланатын
болады. ЕАЭО-да бәсекелестікке қарсы келісімдерге (картельдерге) қарсы күрес
мәселелеріне ерекше назар аудару жоспарлануда.
Отырыс қорытындысы
бойынша кеңеске қатысушылардың брифингі жоспарланған.
Іс-шара өткізілетін
орын: Армения Республикасы,
Ереван қаласы, Маштоц даңғылы, 47-үй, Армения Республикасы
Үкіметінің Қабылдау үйі.
Журналистердің 2016
жылғы 13 сәуірде сағат 18.00-ге дейін аккредиттелуін сұраймыз.
Байланыстар:
+74956692400 қосымша 54-79 +7 (964)7694944 – Арман Әбдімәулен, abdimaulen@eecommission.org
+74956692400 қосымша 41-69–Алена Житенева, zhiteneva@eecommission.org