Бет мазмұны18-20
мамырда Санкт-Петербургте ЕЭК-тің Бәскелестік және монополияға қарсы реттеу
жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Нұрлан Алдабергенов VI Петербург Халықаралық
Заң Форумына қатысып, Еурзиялық экономикалық одақтағы монополияға қарсы реттеу мәселелері жөнінде
баяндама жасайды.
Форум
сессияларында ЕАЭО, БРИКС және ТМД елдерінде бар әлеуметтік маңызды
нарықтардағы бәсекелестіктің даму мәселелері және олардағы реттеу тәжірибесі
талқыланатын болады.
Монополияға
қарсы құқық қолданудың өзекті мәселелеріне және әртүрлі мемлекеттер мен
халықаралық интеграциялық бірлестіктердің монополияға қарсы заңнаманың
картельдер секілді қауіпті бұзушылық түрлерімен күрестегі ынтымақтастығын жолға
қою және юрисдикцияны жүйелеу мақсатында халықаралық құқық құралдарын жасау
перспективаларына ерекше көңіл бөлу жоспарлануда.
Іс-шараның өтетін орны: Ресей Федерациясы,
Санкт-Петербург қаласы, Дворцовая алаңы, 6-8 үй (Бас штаб).