Жаңалықтар

01.11.2016

ЕЭК-тің алдын ала хабардар ету жөніндегі сарапшылық тобы жұмысын бастады

Бет мазмұны1-2 қарашада Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) аумағына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала хабардар ету институтын дамыту жөніндегі сарапшылық топтың бірінші отырысын өткізеді. Отырысқа ЕЭК өкілдері, ЕАЭО елдерінің кеден қызметтері мен өзге де мүдделі ведомстволарының мамандары, бизнес-қоғамдастықтарынан сарапшылар қатысады. «Біз талқылау, егер оны тасымал нарығының сегментері бойынша бөлсек, неғұрлым нәтижелі болады деп шештік, - деп түсіндірді сарапшылық топтың жетекшісі, Комиссияның кедендік ақпараттық технологиялар бөлімі бастығының орынбасары Алексей Гавричев. – Сарапшылар қолданыстағы нормаларды жетілдірумен не жеке әрбір көлік түрі бойынша нормалардың бағамдалатын қолданылуымен жұмыс істейді». Осылайша, 1 қарашада күннің бірінші жартысында ЕЭК алаңында сарапшылар ЕАЭО аумағына автокөлікпен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпаратты міндетті түрде ұсыну жөніндегі қолданыстағы нормаларды жетілдіруді талқылайды. Бұл норма 2012 жылдан бастап қолданылып келеді. 1 қарашада күннің екінші жартысындағы талқылау авиакөлікте алдын ала хабардар етуге арналмақ. ЕЭК Алқасының шешіміне сәйкес авиатасымалдаушыларды 2017 жылғы 1 сәуірден бастап алдын ала ақпарат ұсынуға міндеттейтіндігін еске саламыз. 2 қарашада күннің бірінші жартысында ЕАЭО аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру туралы нормаларды талқылау жоспарланып отыр. Одақтағы теміржол тасымалы сегментінде міндетті алдын ала хабардар ету 2014 жылдан бері қолданылып келеді. 2 қарашада күннің екінші жартысында теңіз тасымалы сегментінде міндетті алдын ала хабардар етуді енгізу талқыланады. «Қол қоюға дайындалып жатқан ЕАЭО Кеден кодексі әкелінетін тауарлар туралы ерте берілген ақпаратты пайдалану бойынша бизнеске жаңа мүмкіндіктер туғызады. Аталған норманың қамту ауқымын айқындайтын шешім қазір әзірленіп жатыр. Сондықтан біз тауарлар тасымалы бойынша қызметтер көрсету саласында жұмыс істейтін мүдделі бизнесті осы жұмысқа белсенді қосылуға шақырамыз», – деп баса айтты Алексей Гавричев.​