Жаңалықтар

02.12.2016

ЕАЭО елдерінің спортшы азаматтарының Ресейде еңбек қызметін жүзеге асыруы жөніндегі консультациялар

Бет мазмұны2 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) бейнеконференция режимінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары өкілдерінің және ЕЭК мүдделі департаменттері өкілдерінің қатысуымен консультациялар өткізу жоспарланып отыр. Консультациялар Армения Республикасының өтініші негізінде ұйымдастырылды. Атап айтқанда, консультациялар барысында кәсіпқой ойыншылар болып табылатын әрі Ресей Федерациясының кәсіби клубтарында өнер көрсететін Армения Республикасы азаматтарының еңбек қызметімен байланысты мәселе қаралмақ.