Бет мазмұны2016 жылғы 25 мамырда IX Астана
экономикалық форумы шеңберінде «Интеграциялық процестердегі бәсекелестік
саясатының рөлі» атты сессия өтеді, оның модераторы және негізгі баяндамашысы
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі)
Нұрлан Алдабергенов болады.
Осы іс-шарада бәсекелестік және
монополияға қарсы саладағы жетекші сарапшылардың қатысуымен: интеграциялық
процестердегі бәсекелестік саясатының мәні, трансшекаралық тауар нарықтарындағы
(халықаралық байланыс қызметтерін көрсету (роуминг), азық-түлік өнімдері, жүк
автомобильдері мен олардың қосалқы бөлшектері) бәсекелестігінің жай-күйі,
жосықсыз бәсекелестікке тыйым салуды сақтау, бәсекелестікке қарсы келісім,
үстемдік жағдайын теріс пайдалану, «қатар импортерді» заңдастыру жөніндегі
жұмыстардың нәтижелері, өзара саудадағы кедергілерді алып тастау, ЕАЭО
елдерінің тауар нарықтарына шаруашылық субъектілерінің кемсітпеушілік
қолжетімділігі, кейбір нарықтардағы бәсекелестік мәселелеріндегі өзін-өзі
басқару тетіктерін енгізудің перспективалары талқыланатын болады.
Іс-шараны өткізу орны:
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік Сарайы, Салтанат залы.