Жаңалықтар

02.08.2024

Гоар Барсегян мен Сергей Данкверт АӨК саласындағы бұдан арғы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

2 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегянның Федералдық ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау қызметінің ("Россельхознадзор") басшысы Сергей Данквертпен және Армения Республикасының Азық-түлік қауіпсіздігі инспекциялық органының басшысы Армен Айрапетянмен жұмыс кездесуі болып өтті.

Тараптар жеміс-көкөніс өнімдерін карантиндік фитосанитариялық және құжатталған бақылау мәселелерін қарады.

Гоар Барсегян мен Сергей Данкверт АӨК саласындағы бұдан арғы ынтымақтастықтың перспективаларын жеке талқылады.