Жаңалықтар

14.03.2022 (Обновлено: 24.03.2022 14:44)

Комиссия әкелінетін азыққорларға қатысты тауар декларациясын толтыру қағидасын әзірлейді

Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитет жанындағы кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысында тауарларды декларациялауды оңайлататын және ағымдағы ахуалда СЭҚ қатысушыларының шығындарын азайтуға бағытталған бизнес-қоғамдастық үшін өзекті мәселелер қаралды.

Іс-шара 10 наурызда ЕЭК Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Григор Оганянның төрағалық етуімен болып өтті.

Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы көтерген негізгі тақырыптардың арасында әкелінетін азыққорларға қатысты тауар декларациясын толтыру қағидасын айқындау мәселесі болды. РӨКО пікірінше, бұл азыққорларды декларациялауды оңайлатады және бүгінгі жағдайда қосымша қолдау шарасы болып табылады.

Қорытындысында сарапшылар Комиссия Одақ аумағына әкелінетін азыққорларға қатысты тауар декларациясын толтыру қағидасын айқындайтын ЕЭК Алқасы шешімінің жобасын әзірлейді және оны жұмыс тобының таяудағы отырысында ұсынады деп уағдаласты.

Жұмыс тобының отырысында тауарға оны өңдеуге рұқсат ретінде пайдаланған кезде декларация толтыру ерекшеліктерімен де тұтастай келісілді. Бұл шешім жобасы жекелеген тауарларға қатысты өңдеу рәсімін қолдануды оңайлатуға және ЕАЭО елдері компанияларының шығындарын, соның ішінде тауарлардың жекелеген санаттарын жөндеу кезінде азайтуға мүмкіндік береді.

Анықтама

Тауарларға декларация толтыру тәртібі Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілді.

Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитет жанынан кедендік декларациялау жөнінде жұмыс тобын құру туралы шешім консультативтік комитеттің 54-отырысында қабылданды.