Жаңалықтар

26 Dec 2024 Ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану механизмдерін жетілдіру бойынша ЕАЭО туралы шартқа өзгертулер енгізу жөніндегі хаттама мақұлданды 26 желтоқсанда Ленинград облысында (РФ) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары тергеу жүргізу және арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану немесе қолданбау туралы шешімдер қабылдау кезіндегі ерекше механизмге қатысты бөлігінде ЕАЭО туралы шартқа өзгертулер енгізу жөніндегі хаттаманы мақұлдады. «Хаттаманың негізгі мақсаты процестің барлық қатысушыларының мүдделерін ескеруге, барынша икемділік бере отырып, ойластырылған және жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін қорғау шараларын қолдану туралы шешімдерді дайындау тәсілдерін жетілдіру болып табылады», – деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев. Мәселен, Комиссия Алқасының шараны қолдану туралы шешімі өндірушілерді қорғауды қамтамасыз ету кезінде ЕАЭО-ның жекелеген елдері үшін негізделген тәуекелдерді болғызбауға бағытталған үйлесімді қағидатына жауап беруі тиіс. Одақ өндірушілері мүше мемлекет қорғау шарасына қатысты вето құқығын қолданған жағдайда келіспеушіліктерді шешудің неғұрлым айқын рәсімін алады. Атап айтқанда ымыралы шешімді іздеу жедел ұйымдастырылатын болады, бұл қорғаныс шарасы күшіне енгенге дейін олар үшін жағымсыз салдарды азайтуға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда ЕАЭО Соты іске қосылады, ал оның қорытындылары шараны қолдану туралы қорытынды шешімде ескеріледі. Өз кезегінде, тергеу объектісі болып табылатын тауарды тұтынушылар үшін қосымша кепілдіктер көзделген: егер нарықтық жағдай талап етсе, қорғау шарасын енгізе отырып, өндірушілерге тұтынушыларды кемсітуге, тауардың қолжетімділігіне қатысты проблема тудыруға, бағаны негізсіз қымбаттатуға жол бермеу жөнінде ұсынымдар қабылданатын болады. Тағы бір жаңалық – ЕЭК Алқасының «теріс шешімі» туралы нормалар: егер Алқа мүшелері ұсынылған қорғау шарасына қарсылық білдірсе, бизнес мұндай шешімді қабылдауға негіз болған дәлелдермен танысуға және қажет болған жағдайда ЕАЭО сотында істің нәтижесіне дау айтуға мүмкіндік алады. «Түзетулер пакетіне демпингтік немесе субсидияланатын импорт тұтастай алғанда Одаққа қауіп төндірмейтін жағдайларда да зардап шеккен мүше мемлекеттің өндірушілерін қорғау құқығын қамтамасыз ететін ережелер де енгізілген. ЕАЭО-ның жекелеген елдерінің аумағында (оқшауланған нарықта) тұтынуға арналған тауарларға қатысты ғана шара енгізуге мүмкіндік беретін әкімшілендіру рәсімі әзірленді, бұл басқа мүше мемлекеттердің бизнесі үшін жағымсыз салдардың туындау ықтималдығын азайтады», – деп түйіндеді Андрей Слепнев.
26 Dec 2024 ЕАЭО мен үшінші елдердің кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісім жүк тасымалының «жіксіз» болуын қамтамасыз етеді 26 желтоқсанда Ленинград облысында (РФ) өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың және үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімге қол қойылды. Келісім тұжырымдамасы бірыңғай транзиттік жүйені құру туралы ЕАЭО-ның үшінші елдермен жекелеген халықаралық шарттарын жасасу үшін маңызды құқықтық негіздерді айқындайды. Бұған қазірдің өзінде қызығушылық танытып отыр, мысалы, Өзбекстан, ТМД-ның басқа мемлекеттері немесе ЕАЭО-ның Қытай сияқты маңызды сауда серіктестері қызығушылық таныта алады. Келісімнің негізгі міндеті – аумақтардың байланыстылығын арттыру және бизнестің жүктерді жеткізуге жұмсайтын үстеме шығындарын азайту есебінен «жіксіздікті», яғни нарықтың барлық қатысушылары үшін ең қолайлы тасымалдау логистикасын қамтамасыз ету. Әңгіме шын мәнінде, цифрлық технологияларды енгізу нәтижесінде тасымалдауды жеделдету және арзандату, жеткізудегі қателер қаупін төмендету туралы, бұл әсіресе соңғы тұтынушы үшін маңызды болып отыр. Бұған электрондық құжат түріндегі бірыңғай транзиттік декларацияны пайдалану; кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бірыңғай қамтамасыз ету; Одақ және үшінші тарап мемлекеттерінің уәкілетті экономикалық операторларына берілетін жекелеген арнайы жеңілдетулерді қолдану есебінен қол жеткізілетін болады. Бұған ЕАЭО-ның және үшінші тараптың кедендік аумақтары бойынша олардың бүкіл жүру жолында тауарлардың тасымалын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану да көмектеседі. Кедендік бақылау нәтижелерін өзара танудың рөлі де маңызды. Құжатты қабылдау Одақтың транзиттік әлеуетін дамытуға, трансшекаралық жеткізілімдердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға және Еуразиялық «бестік» елдерінің тауар айналымын ұлғайтуға ықпал етеді. ЕАЭО мен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімнің жобасы 2025 –стратегиясын іске асыру аясында дайындалды.
26 Dec 2024 ЕАЭО елдерінің басшылары бірыңғай қызметтер нарығының қызметін талқылады 26 желтоқсанда Ленинград облысында (РФ) өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық комиссияның бірыңғай қызметтер нарығының қызметі және бірлестік аясындағы қызметтердің жекелеген секторларын ырықтандыру туралы баяндамаларын қарады. Бірыңғай қызметтер нарығының қызметі туралы баяндамада оны қалыптастырудың негізгі кезеңдері, ағымдағы ахуал баяндалған, ЕАЭО мемлекеттерінің қызмет жеткізушілерінің кедергісіз қол жеткізуі жолындағы жойылған кедергілер аталған. Бұдан басқа, бірыңғай қызметтер нарығын одан әрі дамыту үшін мүмкіндіктер айқындалды және Одақ елдерінің бизнесі үшін артықшылықтар белгіленді. Баяндама қорытындылары бойынша жасалған ұсыныстарды Комиссия және қатысушы елдердің реттеушілері толыққанды бірыңғай нарықты қалыптастыруға ықпал ететін қызметтер саудасын ырықтандыру механизмдерін жетілдіру үшін пайдаланатын болады. ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов құжатқа түсініктеме бере отырып, бүгінгі таңда ЕАЭО қызметтерінің бірыңғай нарығында 142 сектор бар екенін, бұл барлық қызмет көрсету секторларының шамамен 31% құрайтынын атап өтті. «Бұл оның өсуі үшін әлеуетінің бар екендігін айғақтайды және ЕАЭО қызметтерінің бірыңғай нарығын қалыптастыру және оның толыққанды қызметін қамтамасыз ету жөніндегі одан әрі жұмыстың бағыттарын белгілеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ЕЭК министрі. Ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы баяндама аясында туризм, метеорология, маркшейдерлік түсірілім, мүлікті бағалау, құрылыс жұмыстары және кинематография саласындағы қызметтер негізгі бағыттарға айналды. 18 сектор бойынша жоспарларды орындау нәтижесінде олардың 10-ы бірыңғай қызметтер нарығына ауыстырылды, ал тағы екі секторды – жерасты және жер үсті маркшейдерлік түсірілім қызметтерін ауыстыруды аяқтау соңғы сатыда тұр. «Комиссия тағы сегіз сектордағы құзыретті органдар арасында әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу үшін Одақ елдерімен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ынтымақтастық осы секторлардың бірыңғай нарық режимінде табысты жұмыс істеуі үшін қосымша жағдайлар жасайды», – деп түйіндеді Бақыт Сұлтанов.
ЕАЭО-да іскерлік белсенділіктің оң серпінін сақтау болжанып отыр 26 Dec 2024 ЕАЭО-да іскерлік белсенділіктің оң серпінін сақтау болжанып отыр Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері үшін 2025 жылдың басындағы іскерлік белсенділіктің қысқа мерзімді болжамын жаңартты. Сәйкес келетін және озық индикаторларды есептеу нәтижелері оң динамиканың сақталуын көрсетті. Бұл ретте Беларусь пен Ресейде іскерлік белсенділіктің біршама баяулауы, Қазақстан мен Қырғызстанда жедел артуы болжанып отыр. Армения экономикасында іскерлік белсенділіктің көтерілу кезеңіне оралу ықтималдығы сақталады. Озыңқы индикаторлар Комиссияның қысқа мерзімді перспективада еуразиялық «бестік» елдеріндегі іскерлік белсенділіктің өзгеру серпінінің бағыты туралы идеяны қалыптастыру үшін қолданатын болжау құралы болып табылады. Олар экономикалық агенттердің мінез-құлқын және экономикадағы негізгі үрдістерді көрсететін қысқа мерзімді процестер туралы ең маңызды ақпаратты жинақтайды.  
26 Dec 2024 Бақытжан Сағынтаев: «Иранмен жүргізілген диалогтың бірқатар бағыттар бойынша даму әлеуеті бар» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте Иран Ислам Республикасының өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабакпен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Бақытжан Сағынтаев Иран елінің Еуразиялық экономикалық одақтың маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. ЕАЭО мемлекеттері мен Иран арасындағы уақытша сауда келісімінің қолданылу кезеңінде 2018 жылдан 2023 жылға дейін тауар айналымы екі есеге жуық өсті. 2024 жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 12,8%-ға өсті, Иранға тауарлардың экспорты 16%-ға, импорт 8%-ға өсті. Өзара тиімді әріптестікті кеңейту үшін 2023 жылғы желтоқсанда тараптар тауарлардың 90%-на қатысты бажсыз режим белгілеуді көздейтін Еркін сауда туралы толық форматты келісімге қол қойған болатын. «Жақын арада Иранмен жасалған Келісім күшіне енеді деп сенеміз, бұл біздің елдерімізге тауар айналымын және тұтастай экономикалық ынтымақтастықты тиімдірек арттыруға мүмкіндік береді. Иранмен жүргізлген диалогтың бірқатар бағыттар бойынша даму әлеуеті бар», – деп атап өтті ЕЭК Алқасының басшысы. Тараптар өзара іс-қимылдың неғұрлым перспективалы бағыттары көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, кәсіпорындар арасындағы кооперациялық байланыстарды кеңейту, АӨК, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы ынтымақтастық, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер болып табылады деп келісті. Келіссөздер қорытындысы бойынша Тараптар белгіленген жоспарларды табысты практикалық іске асыруға сенім білдірді.
26 Dec 2024 2024 жылғы 26 желтоқсанда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысының қорытындысы 26 желтоқсанда Ленинград облысында (РФ) Армения Республикасының Премьер-министрі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) Төрағасы Никол Пашинянның төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақ елдері басшыларының, ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттер басшыларының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен ЖЕЭК отырысы өтті. Кеңес мүшелері ЕАЭО-ның 2025 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын – мүше мемлекеттердің ұсынымдарына сәйкес Комиссияның әзірлеген осы саладағы жүйе құраушы құжатты бекітті. Тергеу жүргізу және арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану немесе қолданбау туралы шешімдер қабылдау кезінде ерекше механизмге қатысты бөлігінде ЕАЭО туралы шартқа өзгертулер енгізу туралы хаттама мақұлданды. Одақ елдерінің басшыларына Комиссияның бірыңғай қызметтер нарығының қызметі және Еуразиялық экономикалық одақта қызметтердің жекелеген секторларын ырықтандыру туралы баяндамалары ұсынылды. ЕАЭО-ның және үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімге қол қойылды, ол Одақтың үшінші елдермен бірыңғай транзиттік жүйені құру туралы жекелеген халықаралық шарттарын жасасу үшін маңызды құқықтық негіздерді айқындайды. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Иран Ислам Республикасына ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесін берді. Одақ елдерінің басшылары 2025 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске, Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіне Беларусь Республикасы төрағалық ететінін анықтады. ЖЕЭК-тің кезекті отырысы 2025 жылдың мамыр айының соңында Беларусьте өтеді.
26 Dec 2024 ЕАЭО-ның 2025 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары бекітілді 26 желтоқсанда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары ЕАЭО-ның 2025 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын бекітті. Халықаралық қызметтің негізгі бағыттары Одақтың осы саладағы жүйе құраушы құжаты болып табылады және мүше мемлекеттердің ұсынымдарына сәйкес әзірленеді. Басымды бағыттардың бірі – жақын орналасқан көршілермен сауда-экономикалық мәселелер бойынша диалогты жалғастыру, Одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттермен ынтымақтастықты дамыту, Еуразия, Африка және Латын Америкасының негізгі интеграциялық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды тереңдету, Одақты экономикалық тартылыс полюсі ретінде халықаралық позицияда орнығуы. Еуразиялық көлік дәліздерін дамыту арқылы ЕАЭО-ның үшінші елдердің белсенді дамып келе жатқан нарықтарымен көлік байланысын арттыруға, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүргізу бөлігінде Одақ елдерінің бизнесі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды. 2025 жылы ЕАЭО мен Еуразиялық экономикалық комиссияның күш-жігері қалыптасқан ынтымақтастық механизмдерді, оның ішінде меморандумдар, декларациялар және сауда келісімдері аясында дамытуға бағытталатын болады. Ынтымақтастығы маңызды орын алатын халықаралық ұйымдардың ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), оның аймақтық комиссиялары мен бейінді ұйымдары, Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ), Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және басқалары атап өтілді. Аймақтық бірлестіктердің қатарына ТМД, АӨСШК, ШЫҰ, АСЕАН, Оңтүстік Американың ортақ нарығы (МЕРКОСУР), Африка одағы, Африкадағы субаймақтық интеграциялық бірлестіктер және басқа құрылымдар жатады. Сауда келісімдеріне сәйкес ТМД-ға мүше мемлекеттермен, БРИКС-ке қатысушы елдермен, Қытаймен, Вьетнаммен, Сербиямен, Сингапурмен және Иранмен, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытатын басқа да мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарланып отыр. ЕАЭО-ның халықаралық қызметі ЕАЭО туралы шарттың 7-бабына және Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілген Тәртіптің 5-тармағына сәйкес ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің негізгі бағыттары қалыптастырылады.
ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты 25 Dec 2024 ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтауда Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Embraer 190AR ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың барлық туыстарына және жақындарына көңіл айтты. «Ақтаудағы жолаушылардың қаза болуына әкеп соққан қайғылы ұшақ апаты туралы хабарды қайғырып қабылдадым. Қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», — деп атап өтті ЕЭК Алқасының басшысы. Бақытжан Сағынтаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхаттарын жолдады.
Тағы да көрсету