2 қазанда Ереванда Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович мен Армения Республикасының Вице-премьер-министрі, ЕЭК Кеңесінің Төрағасы Мгер Григорян Еуразиялық экономикалық одақтағы бәсекелестік және мемлекеттік сатып алу саласындағы жетістіктер мен олқылықтарды, сондай-ақ III Еуразиялық экономикалық форум жұмысының қорытындыларын талқылады.
Тараптар ЕЭФ-2024-те көтерілген өзекті тақырыптарға, атап айтқанда цифрлық платформаларды реттеуге, ұлттық және ұлтүстілік бәсекелестік құқығының жаңалықтарына, ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына өзара жіксіз қатысуды қамтамасыз ету міндеттеріне, сондай-ақ Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блоктың қоғамдық қабылдауы шеңберінде бизнес қозғаған мәселелерге назар аударды.
Бұдан басқа, ЕЭК министрі ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасының Одақ құқығына сәйкестігіне мониторинг жүргізу туралы айтып берді, бұл 30 қыркүйекте Ереванда мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу жөніндегі консультативтік комитеттің отырысындағы пікірталастың негізгі тақырыбына айналды.
Максим Ермолович Мгер Григорянды ЕЭК-тің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогының халықаралық аренадағы жұмысы туралы хабардар етті.