Жаңалықтар

05.07.2024

Максим Ермолович: «ЮНКТАД – әлемдегі бәсекелестікті дамыту және қорғау жөніндегі үйлестіру орталығы рөлін атқаратын негізгі халықаралық алаңдардың бірі»

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович Женевадағы ЮНКТАД-тың бәсекелестік саласындағы заңнама және саясат жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (ҮСТ) 22-ші сессиясының жұмысына қатысты.

ЕЭК министрі Комиссияның трансшекаралық картельдерге қарсы күрес саласындағы жұмысы және Еуразиялық экономикалық одақтағы бәсекелестікті реттеу ерекшеліктері туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Максим Ермолович бәсекелестік мәселелері бойынша өңірлік интеграциялық бірлестіктер өкілдерінің кезекті іскерлік кездесуін өткізді. Мұндай іс-шаралар жыл сайын ЮНКТАД алаңында Комиссияның бәсекелестік жөніндегі блогының бастамасымен ұйымдастырылады.

Кездесуге ЕАЭО Сотының, Араб бәсекелестік желісінің, Шығыс және Оңтүстік Африканың ортақ нарығының (КОМЕСА), Шығыс Африка қауымдастығының (EAC), Батыс Африка экономикалық және валюта одағының (WAEMU), Батыс Африка елдерінің экономикалық қоғамдастығының (ECOWAS) және т. б. өкілдері қатысты.

«Ұлттықтан жоғары бәсекелестік органдарының тұрақты кездесулері практикалық нәтижеге ие болатыны сөзсіз. Ең алдымен, өңірлерде жинақталған озық практикалар мен тәжірибелерді ескере отырып, бәсекелестік құқықты жетілдіруді айтқым келеді», — деп атап өтті Максим Ермолович.

Сондай-ақ, ҮСТ сессиясы аясында ЕЭК министрі Египеттің бәсекелестік ведомствосының төрағасы Махмуд Момтазбен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады, ЮНКТАД сессиясына қатысқан бәсекелес органдардың өкілдерімен кездесті.

Максим Ермолович Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бәсекелестік комитетінің төрағасы Фредерик Женнимен жеке келіссөздер жүргізді.

БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) 1964 жылы құрылған. ЮНКТАД-тың штаб-пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан. Бүгінгі таңда Конференция 195 елден тұрады. ЮНКТАД-тың міндеттері халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу; мемлекеттер арасындағы тең құқылы, өзара тиімді ынтымақтастық; қазіргі заманғы халықаралық экономикалық қатынастардың ұсынымдарын, қағидаттарын, ұйымдық-құқықтық жағдайлары мен жұмыс істеу механизмдерін әзірлеу және басқа да бірқатар міндеттер болып табылады.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) – әлемнің дамыған елдерін тәжірибе алмасу үшін, оның ішінде экономикалық саясат саласында біріктіретін халықаралық ұйым. 1960 жылы құрылған. Қазіргі уақытта ЭЫДҰ-ға 40-қа жуық мемлекет кіреді, олардың арасында Аустралия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Канада, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Мексика, АҚШ, Түркия, Франция, Швеция, Жапония және басқалары бар.