Жаңалықтар

10 шілденің 2025 ЕАЭО мен Индонезия еркін сауда туралы келіссөздерді аяқтады Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Индонезия Республикасының экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіруші министрі Айрлангга Хартарто еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің аяқталғаны жайында хабарлады. Тараптардың диалогы БКБ режимінде өтті. "Еуразиялық экономикалық одақ қарымды достас елдермен экономикалық әріптестік желісін дамытуды жалғастыруда. Ал Индонезияның БРИКС мүшесі әрі Оңтүстік Шығыс Азияның халқы 300 млн адамға жақындайтын ірі экономикасының бірі болып табылатыны белгілі", – деп атап өтті Андрей Слепнев. ЕЭК министрі әріптестің тарапынан Еуразиялық "бестік"мемлекеттерімен ынтымақтастыққа деген дәстүрлі қызығушылық бар екенін еске салды. Атап айтқанда, 2023 жылы II Еуразиялық экономикалық форум аясында Мәскеуде "ЕАЭО-Индонезия" ауқымды бизнес-диалогы болып өтті. "Баждардың төмендеуі абсолютті түрде ЕАЭО-ның Индонезиямен саудасының шамамен 3 миллиард долларына әсер етеді. Келісім күшіне енгеннен кейін таяудағы 3-5 жыл ішінде біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы екі есе артады деп санаймыз. Индонезияға ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп топтарының тауарлары бойынша жеткізілімдердің айтарлықтай өсуін күтеміз", — деп атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі. Андрей Слепневтің сөзінше, ЕАЭО Индонезия нарығында, мысалы, полимерлер, тыңайтқыштар, энергия тасымалдаушылар, карьерлік самосвалдар, құбырлар, металдар және түсті металдардан жасалған өнімдер сияқты позицияларға, электр және механикалық жабдықтардың кең номенклатурасына преференциялы қол жеткізе алады. Сөз бидай, ұн, құрғақ сүт, кондитерлік өнімдер, ірі қара малдың халал еті, құс жеткізу жайында да болып отыр. Келісім оған қол қойылғанға дейін мемлекетішілік келісудің тиісті рәсімдерінен өтуге тиіс.
08 шілденің 2025 ЕАЭО-дағы таңбалаудыңбіріздендірілген қағидалары қызыл және қара уылдырыққа, велосипедтерге, жағармайларға, антисептиктерге қолданылады Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресей Федерациясының ұсыныстарын қарап, тауарлардың бірқатар жаңа санатына қатысты цифрлық таңбалаудың жалпы қағидаларын белгілеу туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, сөзбекіренің және албырт балықтардың уылдырығы, велосипедтер мен велосипед жақтаулары, жағармайдың жекелеген түрлері, майлау материалдары және арнайы автомобиль сұйықтықтары, микробқа қарсы әсері бар косметикалық өнімдер, сондай-ақ дезинфекциялау құралдары туралы болып отыр. "Таңбаланатын тауарлар санын кеңейтутұтынушылардың өнімнің түпнұсқалығына көз жеткізуіне, сондай-ақзаңсыз айналымды азайту есебінен нарықтың адал қатысушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін Одақтың жалпы таңбалау жүйесін дамытудыайғақтайды", — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Ол тауарлардың жаңа топтарын таңбалау бұрынғыдай біріздендірілген қағидалар бойынша жүргізілетінін атап көрсетті. Бұл ретте Комиссия Кеңесінің 2019 жылғышешімімен бекітілген ЕАЭО-да тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдық моделінің ережелері ескеріледі. Сөйтіп, таңбалау кодтарын өзара тану қамтамасыз етіледі, бұл тауарлардың Одақ аумағындағы айналысы кезінде оларды қайта таңбалау қажеттігін болдырмайды.
07 шілденің 2025 ЕАЭО жоғары технологиялық медициналық құрылғыларды әкелу рәсімін оңайлатады Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа жоғары технологиялық медициналық құрылғыларды, соның ішінде қазіргі заманғы магнитті-резонанстық томография жүйелерін әкелу рәсімін оңайлатуға бағытталған шешім қабылдады. Осы мақсатта ЕАЭО кедендік аумағына әкелу кезінде лицензия, қорытынды (рұқсат беру құжаты) немесе бірыңғай тізілімнен мәліметтер беру талап етілмейтін өнімнің радиожиілік белдеулерінің тізімі кеңейтілді. "Сәйкесті жүйелер көзбен шолу, орнату және пайдаланудың жоғары сапасы тұрғысынан бірқатар артықшылыққа ие. Олардың техникалық сипаттамалары электромагниттік бөгеуілдің пайда болуына әкелмейді", — деп атап өтті ЕЭК Кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян. Қабылданған шешім аталған тауарларды әкелу кезінде ұйымдардың қаржылық және уақыт шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Құжат ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
03 шілденің 2025 Андрей Слепнев ЕЭК-тегі Өзбекстан Республикасының өкілімен Өзбекстанның бастамалары бойынша жұмысты талқылады Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев Өзбекстан Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ресми өкілі Фанил Кадировпен кездесу өткізді. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің 2025 жылғы 27 маусымда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтқан бастамаларын пысықтау талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Мирзиеевтің негізгі ұсыныстарының бірі Өзбекстанды Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының жұмысына қосуға, сондай-ақ электрондық сауданы дамыту, тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау, саудаға цифрлық технологияларды енгізу аясында өзара іс-қимылдың жекелеген бағдарламаларын жасауға қатысты болды. «ЕЭК Еуразиялық экономикалық Одақ жанындағы бақылаушы мемлекет ретінде Өзбекстан Республикасымен көпжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне маңызды мән береді. Өзбек тарапының практикалық ұсыныстары туралы қосымша ақпарат алғаннан кейін аталған мәселелер бойынша жұмысқа кірісуге дайынбыз», – деп атап өтті Андрей Слепнев.  
27 маусымның 2025 Андрей Слепнев: «ЕАЭО-да тауарларды таңбалау өзінің тиімділігін дәлелдеді» Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев 27 маусымда Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесін дамыту туралы мәселені қарау қорытындысы бойынша мәлімдеді. «2019 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақта барлығы 274 миллиардқа жуық тауар бірлігі таңбаланды. Дәлелденген әсерлер нарықты "ақтап алу", контрафактілік өнім деңгейінің төмендеуі, заңды компаниялар санының артуы, адал өндірушілердің тиімділігінің өсуі және бюджетті толықтыру деңгейінің артуы болып табылады», – деп атап өтті Андрей Слепнев. Таңбалаудың әсері ЕАЭО елдерінің деректерімен расталды. Мысалы, Арменияда заңды тауар өндірушілер мен импорттаушылар санының артуы 7% құрады. Қазақстанда контрафактілік темекі өнімдерінің айналымы 24,7 млн долларға төмендеді. Ресей Федерациясында сүт өнімдері үшін нарықты ақтау деңгейінің өсуі 22%-ға, жеңіл өнеркәсіп тауарлары үшін 36%-ға, аяқ киім үшін 18%-ға, парфюмерия үшін 43%-ға жетті. «Мүше мемлекеттердің бюджеттері де таңбалауды енгізуден айтарлықтай пайда көрді. Салықтар мен баждар түсімдерінің ұлғаюы барлық елдер бойынша байқалады және елдегі таңбалау енгізілген тауарлар санаттарының санына тікелей байланысты», – деді Андрей Слепнев. Мысалы, тауарлар санаттарының ең көп саны таңбаланған Ресейде таңбаланған өнімді сатудан түсетін қосымша бюджеттік түсімдердің көлемі 15 млрд долларды, Қырғызстанда – 68 млн долларды құрады. Бұрын ұлттық таңбалау қолданылған, жалпы одақтық ережелер енгізілгенге дейін де нарықты едәуір "ақтауға" мүмкіндік берген Беларуссияда қосымша бюджеттік түсімдердің көлемі 4,64 млн долларға жетті. Келесі қадам заңсыз өнімге тиімді қарсы тұруға бағытталған таңбалау жүйесін одан әрі жақсарту болмақ.  «Бірінші кезектегі міндет – тауарлардың заңды түрде шығарылуы мен қауіпсіздігін бақылау үшін ұлттық таңбалау жүйелерінің рөлін күшейту», — деп атап өтті Андрей Слепнев. Сонымен қатар Одақ деңгейінде одақтық таңбалау жүйесін технологиялық жетілдіру және таңбаланған тауардың қозғалыс еркіндігін құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
27 маусымның 2025 ЕАЭО және БАӘ арасында экономикалық әріптестік туралы келісімге қол қойылды 27 маусымда Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері бір жақтан және екінші жақтан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Экономикалық әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа: Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Наталья Петкевич, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Данияр Амангелдиев, Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы сауда министрі Тани Ахмед Аль Зейуди қол қойды. Біріккен Араб Әмірліктері – Парсы шығанағы елдері арасындағы ЕАЭО-ның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Қол қойылған Экономикалық серіктестік туралы келісім БАӘ-мен жасалған сауда қатынастарындағы жаңа кезең болады және өзара сауданы сапалы жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде. Ынтымақтастықты барынша тереңдетуге бағытталған ЕАЭО мен БАӘ арасында экономикалық әріптестік туралы келісім жасасу жөніндегі жұмыс екі жарым жылға созылды. Жасалған жағдайлар тараптар арасындағы сауда айналымын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. «Қалыптасқан жаңа сауда режимі аясында әмірліктер тарапы тауар номенклатурасының 86%-на қатысты преференциялық қолжетімділікті ашты. Одақтың жеңілдіктері серіктес үшін тауар номенклатурасының 85% жабады», — деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев. Ол біздің елдеріміз үшін артықшылығы бар экспорттық қамту ағымдағы экспорттың 98%-дан астамын немесе 12,1 млрд доллардан астам соманы қамтитынын атап өтті. Сауда режимін ырықтандыру нәтижесінде БАӘ-нің ЕАЭО тауарларына қолданатын орташа мөлшерлемесі 5%-дан 0,6%-ға дейін қысқарады. Осылайша, кедендік әкелу баждарын төлеудегі жыл сайынғы үнемдеу 260 миллион доллардан асады деп бағалануда. Тауарлар бойынша ЕАЭО-ның дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), ет (ІҚМ, қой еті, субөнімдер), құс еті, жұмыртқа, кептірілген көкөністер (ноқат, бұршақ, жасымық, бұршақ), өсімдік майы, сүт өнімдері (қаймағы алынбаған сүт, құрғақ сүт, йогурт, сарысу, сары май, ірімшік), кондитерлік өнімдер, бал, минералды су, джемдер, шоколад сияқты негізгі ауыл шаруашылығы тауарлары үшін преференциялық қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады. Өнеркәсіп секторы бөлігінде тауарлардың мынадай санаттары бойынша жеңілдіктер берілді: металлургия өнеркәсібінің өнімдері (қосындыланған болаттан жасалған жайма, ыстықтай илемделген және суықтай илемделген жайма, қара металдардан жасалған дайын бұйымдар, құбырлар, профильдер мен бұрыштар, темірден жасалған сым, алюминий және мыс сым, алюминий фольга және т. б.), мұнай өнімдері (жеңіл және басқа дистилляттарды қоса алғанда), ағаш өңдеу кешенінің өнімдері (тақталар, шере, табандықтар, жиһаз және т.б.), целлюлоза, баспа өнімдері, бұрғылауға арналған құралдар, турбиналардан бастап сорғылардың жекелеген түрлеріне дейінгі механикалық жабдықтардың кең жиынтығы. Сондай-ақ, ырықтандыру электр жабдықтарына (электр генераторлық қондырғылар, бастапқы элементтер және бастапқы батареялар, электр аккумуляторлары және т. б.), теміржол контейнерлеріне, моторлы көлік құралдарына, соның ішінде арнайы техникаға, косметикаға (шашқа арналған құралдар, иіссулар, дезодоранттар және т. б.), химия өнеркәсібі өнімдеріне (бояулар, майлар, беттік белсенді заттар, тыңайтқыштар) және дәрі-дәрмектерге де қолданылады. Біріккен Араб Әмірліктері тұтынылатын тауарлардың кең номенклатурасы бойынша жеткізілімдерді арттыра алады. Бұған косметика, иіссу, сағат, киімнің жеке түрлері жатады. «Келісім шынымен де, тек тарифтік ырықтандыру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге ол қалыптастыратын реттеуші орта тұрғысынан да маңызды», – деді Андрей Слепнев. Оның айтуы бойынша, құжатта электрондық сауда, экономикалық ынтымақтастық және ШОБ-ты ЕАЭО мен БАӘ елдері арасындағы сыртқы экономикалық қызметке тарту мәселелері бойынша үздік әлемдік стандарттарға сай келетін ережелер бекітілген. «Біздің сауда 2020 жылдан бері үш еседен астам өсті. Бизнестің ынта-жігері мен ЕЭК пен біздің елдеріміздің реттеушілерінің белсенді жұмысының арқасында келісім күшіне енгеннен кейінгі жақын арада тауар айналымының көрсеткіші 20 млрд доллардан асуы мүмкін», — деді ЕЭК сауда министрі. Қол қойылғаннан кейін экономикалық әріптестік туралы келісім оның күшіне енуі үшін БАӘ мен ЕАЭО елдерінде бекіту рәсімдерін жүргізу үшін ұсынылатын болады.
27 маусымның 2025 ЕАЭО мен Моңғолия уақытша сауда келісімін жасады 27 маусымда Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері бір жақтан және екінші жақтан Моңғолия арасында уақытша сауда келісіміне қол қойылды. Құжатқа: Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Наталья Петкевич, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Данияр Амангелдиев, Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ Моңғолия Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Моңғолияның экономика және даму министрі Учрал Ням-Осор қол қойды. Келісімге қол қою ЕАЭО елдері мен Моңғолия арасындағы сауда қатынастарын дамытудың жаңа кезеңін білдіреді. Ол құжат күшіне енген сәттен бастап кедендік баждар нөлге тең немесе төмендетілетін әрбір тарап үшін 367 тауардың қосалқы позициясын қамтиды. Келісім оның қолданылуын тағы бір үш жылдық кезеңге ұзарту мүмкіндігімен үш жылға жасалады. «Статистикаға сәйкес тарифтік преференциялармен ЕАЭО-ның Моңғолияға экспорттық жеткізілімдерінің 2 млрд доллары, яғни 90%-дан астамы қамтылатын болады. Келісілген преференциялар ЕАЭО компанияларына жыл сайын 100 млн долларға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев. Оның айтуы бойынша, қол қойылған сауда келісіміне сәйкес ЕАЭО елдерінің аграрийлері Моңғолия нарығына бидай, жүгері, сүт өнімдері, өсімдік майлары, ет және құс өнімдері, қант, кондитерлік өнімдер, ірімшіктер, минералды су және алкоголь өнімдері сияқты түбегейлі маңызды тауарларды жеткізу үшін артықшылықты жағдайларға ие болады. Өнеркәсіптік тауарларға келетін болсақ, жеткізілімдердің өсуі мынадай өнім түрлері бойынша болжанады: металлургиялық өнім (ферроқорытпалар, ыстықтай илемделген және суықтай илемделген жайма, шыбықтар, бұрыштар, құбырлар және т. б.), моторлы көлік құралдары (автомобильдер, автобустар, жүк көліктері, арнайы техника, автокомпоненттер, тіркемелер және т. б.), темір жол машина жасау және химия өнеркәсібі өнімдері (полимерлер, пластик тақталар мен бөлшектер), шиналар, азотты тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер және т. б. Өз кезегінде моңғол тауарларына ет (жылқы еті, ІҚМ еті, қой еті, ет консервілері, субөнімдер), сүт өнімдері (йогурттар, ірімшік), жеңіл өнеркәсіп тауарлары (жүн, жіп), сондай-ақ трикотаж және тоқыма киімдерін қоса алғанда, дайын сапалы жеңіл өнеркәсіп бұйымдары бойынша артықшылықты қолжетімділік беріледі. Одан әрі кооперация үшін мүмкіндіктер келісімнің тарифтік емес бөлігінде: техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар, кедендік ынтымақтастық, электрондық сауда және экономикалық ынтымақтастық саласында жасалған. «Соңғы бірнеше жылда ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы бір жарым еседен астам өсті. Келісімнің қолданылуының басталуымен мұндай үрдіс жалғасады және нығаяды деп күтеміз, бұл біздің тауар айналымымызды 3 млрд долларға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», — деді Андрей Слепнев. Қол қойылғаннан кейін уақытша сауда келісімі Моңғолия мен ЕАЭО елдерінде оның күшіне енуі үшін қажетті бекіту рәсімдерін жүргізу үшін ұсынылатын болады.
«Жасыл Еуразия» үшінші халықаралық климаттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды 26 маусымның 2025 «Жасыл Еуразия» үшінші халықаралық климаттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды 26 маусымда Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен Жаңа жобаларды ілгерілету жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігі (СБА) ұйымдастырған «Жасыл Еуразия» үшінші халықаралық климаттық конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурстың негізгі міндеттері – Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің тұрақты дамуына бағытталған жасыл күн тәртібіндегі технологиялық көшбасшыларды анықтау және климаттық митигация және бейімделу бойынша тиімді тәжірибелерді дәріптеу. «Конкурстың жылдан жылға өркендеп келе жатқаны қуантады. Биыл бізде ЕАЭО мен Еуразия құрлығынан басқа, 16 қатысушы ел бар. Атап айтқанда, конкурсқа бірнеше Африка мемлекеттері қатысты», – деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев. Ол климаттық тәжірибелер экономикалық даму идеяларына сәйкес келуі үшін бәсекелестік бастаманың, экологиялық тазалықтың және экономикалық тиімділіктің үйлесіміне негізделгенін атап өтті. Конкурстың маңызды шарты – қатысушылар ұсынған шешімдер ортақ игілікке айнала отырып, қайталануы мүмкін. 2025 жылы конкурстың лауреаты ретінде 41 қатысушы анықталды, олар: Ресейден - 25, бесеуі Беларусьтен, екеуі Қытай мен Үндістаннан, біреуі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Молдова, Эфиопия және Сенегал елдерінен болды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар халықаралық кооперациялық құрамдас бөлігі бар жобаларды, яғни оларды іске асыруға бірнеше мемлекет қатысқанын атап өтіп, «Еуразиялық перспектива» санатындағы екі өтпелі тәжірибені бөліп көрсетті. Сол күні «Жасыл Еуразия» конкурсы жобаларының таныстырылымы өтті, оның аясында сарапшылар құрамы конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тәжірибесін бағалады. Үшінші «Жасыл Еуразия» конкурсына Армения, Беларусь, Болгария, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Ресей, Сенегал, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Эфиопия, Оңтүстік Африка елдерінен 295 өтінім қатысты. Климаттық митигация және бейімделу бойынша ең тиімді тәжірибелерді сараптамалық бағалау және іріктеу 10 номинация бойынша өтті.
Тағы да көрсету