News

27.10.2021 (Обновлено: 30.03.2022 14:35)

ЕЭК Алқасы Еуразиялық көлік дәліздерін айқындады

ЕЭК Алқасы Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттарының тізбесін бекітті.

«Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттары тізбесінің қабылдануы біздің елдерміз бен Комиссияға Шарттың ережелерін, Көлік саясатының негізгі бағыттарын, Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын көлік дәліздерін дамыту бөлігіне қатысты іске асыруға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Темирбек Асанбеков.

  

Тізбеге екі бір модальді теміржол маршруты және бір мультимодальді (теміржол, теңіз және автомобиль қатынасын біріктіреді) маршрут, сондай-ақ Еуразиялық автомобиль дәліздері мен маршруттары кірді.

Бұл құжат көлік инфрақұрылымын дамытуды үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Еуразиялық көлік дәліздері тізбесіне кіргізілген жолдар бойынша қозғалу кезінде көлік құралдарының рұқсат етілетін массалары, өстік жүктемелері және көлемдері туралы халықаралық шарт жобасын дайындау бойынша маңызды құрауыш болады, сөйтіп   ЕАЭО-да бірыңғай көлік кеңістігін олан әрі қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Бұдан басқа, 2022 жылы Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың кешенді жоспарын дайындау және қабылдау жоспарлануда, соған сәйкес олар басымдықты дамуға ие болады, олардың пайдалану сипаттамаларын қадамдастыру, сондай-ақ цифрландыру жүзеге асырылады.

Отырыс барысында ЕЭК министрі бұл құжатты бекітудің өзектілігін атап өтті және «Солтүстік-Оңтүстік» бағыты бойынша халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерін пысықтауды, осал буындарды жоюды, Комиссияның Еуразиялық даму банкімен және басқа халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылын күшейтуді ұсынды.