Қозы елтірісі шикізатына қатысты қолданыстағы ставка 3% құрайды, бұл Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының ДСҰ шеңберіндегі тарифтік міндеттемелерін байланыстырудың түпкілікті деңгейіне сәйкес келеді.
«Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақтағы қой терісі өндірісі сырт киім тігуге маманданған кәсіпорындардың ішкі қажеттілігін жабуға мүмкіндік бермейді», — деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.
Импорттық шикізаттың қымбаттауы, сондай-ақ тері бұйымдарын сатып алу сұранысының азаюы жағдайында қабылданған шара бизнеске шығынды азайтуға және өндіріс көлемін қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп түсіндірді ол.
Шешім 2022 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Анықтама:
Қозы елтірісі шикізатына, сондай-ақ қой терісінен жасалған жартылай өнімдерге қатысты ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 07 қыркүйектегі № 146 шешіміне сәйкес 2018 жылғы 12 қазаннан бастап қоса алғанда 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықтағы кезеңде кедендік құннан 0% мөлшерінде кедендік әкелу бажының ставкасы қолданылып келді.