News

15.10.2021 (Обновлено: 21.02.2022 14:59)

ЕАЭО-да «жалған транзитке» жол бермеу жөнінде шаралар әзірленеді

ЕАЭО-да кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Одақ аумағы бойынша тауарларды тасымалдау кезінде «жалған транзитке» жол бермеу және бұл үшін қажет құқықтық механизмдерді қарады. Талқылау 13 қазанда ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Максат Мамыткановтың төрағалығымен өтті.

Одақтың кедендік аумағына ашық теңізде ауланған немесе әзірленген балық өнімдерін әкелу, уақытша сақтау қоймаларының иелеріне осындай сақтау кезеңінде жарамсыздыққа ұшыраған, өзінің тұтынушылық қасиетін ішінара немесе толық жоғалтқан тауарларды кедендік рәсімге орналастырып жою құқығын беру қажеттігі туралы ұсыныстар да басты назарда болды.

Күн тәртібінің барлық мәселесі бойынша жұмыстың бұдан арғы бағыттарын тұжырымдамалық келісуге қол жетті.

Максат Мамытканов қатысушыларға жемісті жұмыстары үшін алғыс айтып, елдердің кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі барлық ұсынысы қаралатынын атап өтті және неғұрлым маңызды әрі күрделі келіссөздерді жүргізуге жеке өзінің де қатысуға дайын екенін білдірді.

Одақта кедендік реттеуді одан әрі жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыс Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында көзделген.


Анықтама:

Еуразиялық экономикалық одақта кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 125 өкімімен құрылды.

Жұмыс тобына Одақ елдері мемлекеттік органдары басшыларының орынбасарлары, бизнес-қоғамдастық өкілдері және Еуразиялық экономикалық комиссияның кеден блогының өкілдері кіреді. Жұмыс тобы жанында ЕАЭО Кеден кодексіне түзетулер дайындаумен тікелей айналысатын сарапшылық топ құрылған.